{metadescription}
0:000:00
Шегіртке еліміздің шығысында да қаптады

Шегіртке еліміздің шығысында да қаптады

Шегіртке Қостанай, Ақтөбе облыстарымен қоса, еліміздің шығысында да қаптады. Зиянкестер өңірдің шабындықтарында өріп жүргенімен қоймай, тұрғындардың үйлеріне дейін үйір-үйірімен кіріп кетке. Жауапты министрлік жағдайды бақылап отырмыз дегенімен, шырылдауық жәндіктен келер жылы да құтыла қоймайтынымызды айтады. Ауыл шаруашылығы министрі бүгін Үкімет отырысында әр 10 жылда бір келетін зиянкестердің толқыны ендігі жылы 10, тіпті 20 есеге дейін көбейетінін айтты. Биыл шеріткемен күреске 4 млрд бөлдік деген ведомство басшысы, шаруалардың улауға дәрі таппай отырғанын жоққа шығарғандай болды.

Егіс алқаптарын отап кетті деп дүйім елді дүрліктірген зиянкестерден енді ауыл-аймақта да аяқ алып жүру қиындаған. Еліміздің шығысындағы Тосқайың ауылында түсірілген мына әуесқой видеоларда шегіртке үйірімен үйдің ішіне дейін кіруге жете қабыл. Шырылдауық жәндіктен әбден зәрезап болған тұрғындар шарасыздықтан не істерлерін білмей әлек. Бейнежазба авторы зиянкестерге қарсы әкімдіктің ешқандай амал жасамай отырғанын айтады.

Осыған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі «ешқандай да шегіртке жоқ» деп бет бақтырмағанымен, бүгін Үкімет отырысында салаға жауапты министрдің өзі қауіпті зиянкестердің биылғы нөпірі ерекше екенін айтып отыр. Дегенмен шығын көлемін есептейік десек, сол видео түсірген шаруалардың өзі байланысқа шықпай, қашып жүргенін айтады.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Шегіртке туралы видео түсірсеңіздер, егінге шығын келтірді десеңіздер, мархабат, біз жылдам жауап береміз. Біздің мобильді топтарымыз бірден келіп, мәселенің мәнжайын тексереді. Кеше де Қостанайдың Наурызым ауданында шаруа қожалықтары 3-5 мың гектар егінге зақым келді деген еді, енді мамандарымыз барайын десе, қожайындары қашып жүр, жерін көрсеткісі келмейді.

Қарашөкеевтің сөзінше, биыл шегірткенің қаптайтын кезеңі күннің аптап ыстығымен тұспа-тұс келіп отыр. Дегенмен, министр жәндіктің егіс алқаптарына тиіттей де зияны жоқ деген ұстанымынан танбай келеді. Биыл да, келер жылы да шегіртке көп болады деп кесіп айтқан ол Қостанай мен Ақтөбе облыстарына барып, жағдайы өз көзімен көріп келген.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Биыл және келесі жылы нағыз шарықтау шегі. Шегірткенің, оның ішінде азиялық, марокколық италиялық түрлердің таралуы күннің ысуымен байланысты. Әр 11 жыл сайын ол шарықтау шегіне жетеді. Келесі жылы «пик» болады. Бұл уақытта шегірткенің орташа жылдық таралуымен салыстырғанда, 10-20 есе көбейеді. Мысалы, бір шегіртке жүз, тіпті, мың жұмыртқаға дейін сала алады. Оның осындай циклділігі сол жылға сәйкес келеді.

2022 жылы шегірткемен күреске бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінген. Биыл осы мақсатқа министрлік 3 млрд 800 млн-нан астам қаражат қарастырған. Ендігі жылы шегіртке 20 есеге дейін көбейетін болса, зиянкесті жоюға бюджет шығыны еселенетіні сөзсіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.