{metadescription}
Бейбіт Шүменовтың жазасына тағы бір бап қосылуы мүмкін
Бейбіт Шүменовтың жазасына тағы бір бап қосылуы мүмкін

Бейбіт Шүменовтың жазасына тағы бір бап қосылуы мүмкін

Басы дауға қалған боксшы Бейбіт Шүменовтың жазасына тағы бір бап қосылуы мүмкін. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева қолында баласы бар еркекке тап берген спортшының теріс әрекетіне жазаны қатаңдату керек деген пікірде. Бала құқығы жөніндегі уәкілдің пікірінше, жұдырық ала жүгірген Шүменовтің әрекетінен бала дірдек қағып, әбден шошып қалған.

Динара Зәкиева ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

- Балаға қауіп төну фактісі әлеуметтік желілерде жарияланған бейнекадрлармен расталды. Сол себепті, бұл жағдайда тұлғаны жауапкершілікке тағы бір қосымша бап «Қорқыту» атты қылмыстық кодекстің 115 бабы бойынша тарту қажет деп ойлаймын.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің елорда тұрғынын соққыға жыққан видеосы күні кеше әлеуметтік желіде желдей ескен еді. Сауда орталықтарының бірінде баласымен тамақтанып жатқан ер адамға өзге үстелден боксшы кенеттен келіп, оны ұрып-соға бастағанын бейнежазбадан байқауға болады. Қазір Шүменовке қатысты қылмыстық кодекстің 293-ші, яғни «Бұзақылық» бабына сай, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оған сәйкес, спортшы 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Болмаса 414 мың теңгеден астам айыппұл төлейді. Шүменовке бұл жазаны тым жеңіл деп санаған балалар омбудсмені Динара Зәкиева Ішкі істер министріне арнайы хат та әзірлеп қойған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде