Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Теректі ықшамауданның тұрғындары су мен жарыққа жарымай отыр
Қалада тұрғанымен, даладағының күйін кешіп жүр! Алматыда бүтін бір ықшамаудан тұрғындары өркениеттен жұрдай болдық деп наразы. Айтуларынша, Теректідегі 250 үй әлі күнге дейін не суға, не жөнді жарыққа жарымай отыр. Жол да оңып тұрған жоқ. Талай шағым айтылып, жазылғанымен жергілікті әкімдіктен ешқандай әрекет жоқ дейді тұрғындар.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
19.07.2023
- Құдайдың құдіреті бұл. Қалада тұрып жатырмыз. Міне, мына сумен қалай суғарамыз? Қараңыздаршы, не мынау? Мынамен огород суғару масқара ғой.
Бау-бақша суғаратын ылғалдың түрі осы болса, ауыз су мүлде жоқ. Әр үйдің ауласында осындай 5 литрлік құтылар үйіліп жатыр. Ішетін суды қалтасы көтергендер дүкеннен сатып алса, көпшілігі су тасушыларды күтеді. Аптап ыстықта тіршілік нәрінен тарыққан жұрттың жергілікті билікке өкпесі қара қазандай.
Арман Медеуұлов, Теректі ықшамаудананың тұрғыны:
- Қаланың ішінде отырып осындай қиыншылық көрген өте ұят. Жоғарыда отқан Алатау әкімдігінің өкілдеріне айтқым келеді, осының бәрін қолға алып, елдің қамын ойласын.
- Қамын ойламай жүр ма қазір?
- Қазіргі уақытта қаншама жазсақ та, айтып жатсақ та Теректі ауданының чаты бар. Сол жерге де жазып отырмыз. Чатта әкімдіктің өкілдері де отыр. Ешкім ешқандай қимыл жасап жатқан жоқ.
- Мына жерден судың трубасы өткен. Мына жер тесіліп жатыр. Көрдіңіз ба? Постоянно тесіледі. Қазір жаз болғасын, напор жоқ. Күн салқындаса мынаның бәрі бетіне шығады.
Тесік құбырдан айналаға ағылған судың кесірінен асфальт төселмеген жол батпаққа айналады дейді. Қазірдің өзінде мына жолдармен жүрудің өзі азап. Шұрық-тесік, шаң. Десе де, халықтың мұңы мұнымен әлі бітпейді.
- Өшеді, қосылады. Өшеді, қосылады. Мына кісіліердікінде күйіп кеткен бәрі. Жаңадан алған техника Сулпактан. Кредитке алғанбыз мынаны. 300 мың төленіп жатыр.
Қымбат техникаларының күйіп кете беруін тұрғындар тікелей жиі өшетін жарықтың кесірі деп отыр. Ол аздай, онсыз да жөнсіз істейтін жарыққа 2 есе қымбат тарифпен төлеп келеді. Өйткені, жекенің қолында. Әрі, жел тұрып жаңбыр жауса тоқ ұратын трансформатордан да әбден қорқып-үркіп біткен.
Мұрат Баймұрзинов, Теректі ықшам ауданының тұрғыны:
- Тапа тал түсте тонау дейді ғой мұны қазақша айтқанда. Екі есе бағамен төлеп жатырмыз. Ел 16 теңге, біз 31-ден төлеп жатырмыз. Трансформатор деген заңсыз тұр. Жауын жауса адамдар арғы көшемен айналып өтеді. Өйткені, замыкать етеді. Жолдың қақ ортасына қойып қойған. Бұл кісіге қалай рұқсат бергенін түсінбеймін. Біздің талабымыз светті қалаға кіргізсін.
Әңгімені әдеттегідей әдемі бастаған әкімдіктегілер жарық жекенің қолында болғасын әмірі жүрмейтінін ашық айтты. Ал, су мәселесі келесі жылы шешімін табады деп отыр.
Қуатбек Мақашев, Алатау аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:
- Осы тамыз айының бірінен бастап жұмыс басталады
- Өтірік айтып отыр.
- Сапа құрылыс деген компания ұтып алды. Мердігер мекеменің өкілдері тұр. Сол кісілер бастайды. Водвозбен көмектесіп жатырмыз бұл жерде. Мына жолдарды күз айында ацепкасын жасағанбыз.
- Оны апорт жасады. Мынаның бәрін өзіміз жасап жатырмыз. Внаглую өтірік айтып тұр. Өтірік айтпаңыз.
- Тұра тұрыңыздаршы, тұрғындар. Апортпен келіссөздер жүргізіп жолды біз салғызып бердік.
Былайша айтқанда, тұрғындар жергілікті биліктің бір сөзіне де сенбей отыр. Өйткені, осыған дейін де уәдені үйіп-төгіп жоқ болып кететін дейді. Енді осы жолы шенділер сөзінде тұра ма, жоқ па? Оны уақыт көрсетсін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram