{metadescription}
Данияр Елеусінов Астанадағы спорт мектебінен тұрақты жалақы алып келген
Данияр Елеусінов Астанадағы спорт мектебінен тұрақты жалақы алып келген

Данияр Елеусінов Астанадағы спорт мектебінен тұрақты жалақы алып келген

Танымал боксшы Данияр Елеусіновтың есімі кешелі бері әлеужеліні шулатып жатыр. Олимпиада чемпионы Астанадағы мемлекеттік спорт мектептерінің бірінен тұрақты түрде жалақы алып келген. Спортшы бірнеше жылдан бері АҚШ-та тұрады. Оған күн сайын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктейтін фотосуреттері дәлел.

Осы ретте спортшының балаларды қай уақытта жаттықтырып жүргенін көпшілік түсінбей дал. Астана қалалық спорт басқармасы Данияр Елеусіновтің 2021 жылдан бері жаттықтырушы лауазымында жұмыс істейтінін растады.

Астана дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі:

- Шынымен де, Елеусінов Данияр Маратұлы Астана қаласы әкімдігінің №3 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балаларжасөспірімдер спорт мектебі КММ-де жаттықтырушы лауазымында. Жалақысы – 80 249 теңге. Елеусінов Данияр жартылай штаттық негізде жұмыс істейді.

Данияр Елеусіновтің өзі спорт мектебіндегі жұмысына былтыр, яғни жаңа жылдың алдында келген. «Қазір жас спортшылармен онлайн байланысқа жиі шығып тұрады», - дейді директор Мұрат Мұстафин. Даниярдың «әріптестерінің» қатарында Валентина Хальзова, Марина Вольнова сынды Олимпиада жүлдегерлері де бар. Олар да аталған спорт мектебінде жаттықтырушы боп қызмет атқарған. Қазір олардың бірі декрет демалысында, өзгесі еңбек демалысына шығып кеткен.

Мұрат Мұстафин, Астана әкімдігінің №3 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

- Ол енді қалада болғанда үнемі залда ғой. Жаттығулары бар, біздің балалармен бірге жаттығады. Бүкіл әдістәсіл, соққы, бәрін көрсетіп, залда істейді. Соңғы рет желтоқсанда болды. Оның алдында Данияр ешқайда шықпады ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде