{metadescription}
0:000:00
Конституция күні: Астанада бәйгеден республикалық турнир өтті

Конституция күні: Астанада бәйгеден республикалық турнир өтті

Астанада Конституция күніне орай бәйгеден республикалық турнир өтті. «Қазанат» атшабарындағы дүбірлі доданы Астана қаласының әкімдігі, Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды. Желмен жарысқан жүйріктер жарысына КТК тілшісі барып қайтты.

«Қазанат» ипподромы ат спортына ден қойған жандарға ү таптырмас орын. Мұнда жыл сайын 10-15 шара өтеді. Күшті жел тұрып, күн райының қолайсыздығына қарамастан, алыс-жақыннан үлкенді-кішінің бәрі атшабар алаңынан табылды. Бәйге десе делебесі қозатын жанкүйерлер қиқуға басып, шабандоздарға дода алдында шабыт берді. Сахнадағы ән мен күй де мерекенің ажарын аша түсті. Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы мен қалалық спорт басқармасы өкілдері және халық қалаулылары салтанатты шарада халықты мерекемен құттықтап, жарыстың сәтті өтіуне тілектестігін білдірді.

Ал жарыс жолына шығарын сезген сақа жүйріктер тыпыршып ширыға бастады. Бәйгені бақылауға келген төрешілер де тас-түйін дайын.

Ұлан Аманқұлов, жарыс төрешісі:

- Қазір салқын боп тұр. Аттарға да жақсы, құламайды. Әр бәйге әрқалай ғой, қай аттың бағы жанады, сол ат келеді. Бәрі өтіп тұрған балалар. Бәрі жақсы. Құжаттары да орнында. Сақтандырылған, сенімхат, меданықтама бәрінде бар. Онсыз шыға қоймайды.

Төреші белгі берісімен шабандоздар қиқуға басып шаба жөнелді.

Еңселі елорда төсін дүбірге толтыруға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге тарта таңдаулы жүйріктер жиылды. Сәйгүліктер «ұшқыр», «топ» және «аламан» бәйге бойынша сынға түсуде.

Ұшқыр бәйгеде шашасына шаң жұқтырмаған бес шабандоз жарысты. 2,4 шақырым қашықтықта мәреге Павлодар облысынан келген келген Аслан Байкеновтің Олжахан атты тұлпары бәрінен оқ бойы озып келді.

Аслан Байкенов, жарыс жеңімпазы:

- Керемет көңіл күйдемін. Жарыстан ерекше әсер алдым. Ауа райы да еш кедергісін келтірмеді. Сөре сызығынан аса бергенде, сәл қалып қойып, алайда қарсыластарды қуып жетіп алдым. Жалпы бәйге қатысып жүргеніме10 жыл, ал бұл жарысқа үштөрт ай бойы дайындалдық. Бірбеткей мінезді тұлпарымды Америкадан аттай қалап алдырдық. Биыл бұл бесінші жеңісіміз.

Топ бәйгеде көпшілік қызығушылын тудырды. 18 шақырымдық жарыс жолында 21 арғымақтың ішінен Алматының «Хан тәңірі» атты тұлпары топ жарды. Ал бәйге төресі аламан сайысында көрермен қиқулап, 20 шабандоз тақымын мықтап қысып, 25 шақырым жолға шықты. Топырақты төңкеріп, жерді қайыстырған тарлан жануардың бәрі жеңістен дәмелі. Дегенмен 13 айналымнан тұрған бәйгеде алматылық Мирас Нағашыбайдың «Шығырай» есімді тұлпары үмітті ақтады. Ұйымдастырушылар алқасы жарыс көркін қыздырған шабандоздардың дені сыйлықсыз қайтпайтынын жеткізді.

Самат Жылқыбаев, Астана дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Жүлде қоры 20 млн теңге. Аламан бәйгеде бірінші орынға 5 млн теңге. Топта бірінші орын 2 жарым млн теңге. Ал ұшқырда 2 млн теңге. Сол 20 млнды осы үш түріне бөліп жатырмыз. Негізі аталған сыйлықтар да болады, алғысхат болады, медалімен. Осы жылға енді әр мейрамға бұл төртінші бәйгеміз. Енді қыркүйек айында тағы да фестиваль өтеді.

Бүгінгі бәйгеде тек ауыздығымен алысқан арғымақтар, шаң қаптырған шабандоздар ғана емес, аламанды аңсап келген бұқара арасында да сыйақылар берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде