{metadescription}
0:000:00
Қыз-келіншектер тәнге қол жүгіртетін азаматтарды қатаң жазалауды сұрайды

Қыз-келіншектер тәнге қол жүгіртетін азаматтарды қатаң жазалауды сұрайды

«Заңмен қудалансын». Елімізде қыз-келіншектер өзіне әлімжеттік жасап, тәніне қол жүгіртетін азаматтарды қатаң жазалауды сұрайды. Яғни жыныстық бопсалау немесе харассмент деп аталатын зорлық-зомбылықтың бұл түрі қазіргі заңнамада дұрыс қамтылмаған.

Әкімшілік кодексте тек ұсақ бұзақылық ретінде ғана жауакершілікке тартылады. Сол себепті құқық қорғаушылар да Ата заңымызға өзгертулер енгізу керек дейді. Әйтпесе айдың‑күннің аманында әйел затына тиісіп жататын жағдай жиілеп барады.

Елімізде зорлық-зомбылықпен қоса, қыз-келіншектердің денесіне рұқсатсыз қол тигізіп, тиісетіндер тіптен көбейді. Оған видеолар дәлел. Қоғамда дау тудырған жағдай осыдан 8i апта бұрын болды. Сол күнді жиіркене еске алатын Инесса бөтен еркектің ессіз әрекеті өзіне қатты соққы болғанын айтады.

Инесса Әбдірахманова,Алматы тұрғыны:

- Сол күні құрбым екеуміз көлікке жанармай құюға шыққанбыз. Жолшылай керекзаттарымызды да алайық деп дүкенге соқтық. Кіргеніміз сол еді, бұрыла бергенімде бәзбіреу кеудеме қолын сұғып алды. 3-4 секунд ішінде не болғанын түсінбей, абдырап қалдым. Бір сәтте өзімді қорғансыз сезініп, өте жаман күйге түстім.

35 жастағы азаматтың бейәдеп әрекеті дүкеннің бейнебақылау камерасына анық жазылып қалған. Оны табуға да, сонымен қоса төлем жасаған түбіртектің көмегі тиіпті. Анықталғандай, Алматыға Атыраудан уақытша келген екен. Сол күні мас күйде болыпты.

Инесса Әбдірахманова:

- Денелі болғандықтан, тіпті ұрғанымды да сезбеді. Досымен қарқылдап күліп, таксилеріне отырып кетіп қалды. Артынан барлығы видеоны жариялағанмен, әділдікке қол жеткізе алмайсын деді. Тек туыстарымның тарапынан қолдау көп болды. Сөйтіп видеоны сұрап алып, арыз жаздым. Бес күнге қамалған ол төрт баласының бар екенін айтып кешірім сұрады. Өзім ана болғасын ғана жұмсақтық таныттым.

Еліміздегі құқық қорғаушылар бұл әдетте үнсіз жабылатын тақырыптардың бірі екенін айтады. Себебі жәбірленуші қоғам сынынан, күлкіге қалудан қорқады. Енді бірі жай ғана қалай қарсы әрекет етерін білмейді. Ең өкініштісі, заң бойынша ешкім жауапқа тартылмайды дейді.

Халида Әжіғұлова, құқық қорғаушы:

- Қыз баласына тиісу, тәніне қол жүгірту қоғамымыздағы ең өзекті мәселенің бірі. Және оларды жазалап жатқан ешқандай заң, ешқандай орган жоқ. Мұны ұсақ бұзақылық ретінде қарау үлкен қателік. Оның ар жағына үңіліп жатқан ешкім жоқ. Яғни денесіне қол жүгірту, тиісудің салдары зорлықзомбылыққа дейін апарып жатқан жағдайлар қаншама. Одан бөлек, адамның психологиясына да қатты соққы болары сөзсіз.

Соңғы уақытта қоғамда харассмент құрбаны көбейгенін қорғаушы да растап отыр. Өзіне осы мәселе бойынша көмек сұрап жүгінетіндер санында шек жоқ екен. Айтуынша, мұндай жағдай жұмыс орнында, үйде, оқу ордасында, қоғамдық көлікте, жатақханада, тіпті дүкен мен көшеде де көп кездесіп жатады.

Жанна Оразбақова, адвокат:

- Елімізде еразаматтардың қыз-келіншектерге тиісіп кетуі, тәніне қол жүгіртуі қылмыс болып қаралмайды. 434 баптағы ұсақ бұзақылық бойынша ғана жауапкершілікке тартылады. Тек біздің елде ғана осындай қорлыққа салғырттық танытады. Өзге мемлекеттерде жаза қатаң. Мәселен, Германияда мұндай бұзақылық жасаған адам екі жылға сотталады, не ірі көлемде айыппұл төлейді. Өйткені адамның денесі әркім бір тиісіп, не ұстап кететін зат емес. Бұл заңмен қорғалу керек.

Елімізде адам тәніне рұқсатсыз қол жүгірту немесе тиісуге қатысты нақты статистика жоқ. Оған бұзақылықтың Қылмыстық кодекспен қудаланбауы себеп дейді құқық қорғаушылар. Әзірге тиісті министрліктер әдеттегідей талқылау ғана жүргізуде.

Ал еңбек министрлігі Еңбек кодексіне өзгертулер енгізуді қарастырып жатқан көрінеді. Яғни жұмыс орнында көрсетілген қысым, не бұзақылық жасағандар қатаң жазалануы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде