{metadescription}
Қазақстанның үш азаматы Таиландта істі болып жатыр
Қазақстанның үш азаматы Таиландта істі болып жатыр

Қазақстанның үш азаматы Таиландта істі болып жатыр

Қазақстанның үш азаматы Таиландта істі болып жатыр. Оларға Италия азаматын ұрып-соғып, азаптады деген айып тағылған.

Жергілікті журналистердің жазуынша, отандастарымыз ресейлік ММА жұлдызы Хусейн Асхабов пен оның егізі Хасанмен сыбайласып, шипажайлардың бірінде Италия азаматының вилласына басып кіріпті. Күш көрсетіп, 155 миллион теңге шамасындағы ақшаны қолды қылған. Одан басқа, қымбат сағат, соңғы үлгідегі көзілдірік пен өзге де бағалы бұйымдарды үптеп кеткені анықталды. Күдіктілердің қылмысы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Қарақшылық шабуылды ағайынды Асхабовтардың ұйымдастырғаны айтылуда. «Ал қылмысқа барған қазақстандықтардың түр-тұлғасы анықталып, іздестірілуде» деп жазған жергілікті ақпарат агенттігі. Дегенмен сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан бейхабар.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

Біз Таиланд билігінен ресми түрде мұндай ақпаратты алған жоқпыз. Тергеуді сол жағдай болған мемлектетің құқық қорғау органдары жүргізеді. Оған біз араласуымызға құқылы емепіз. Егер ақпарат расталған жағдайда, біз мәнжайды анықтап, отандастарымызға көмектесуге тырысамыз, мейлі, олар қылмысқа барса да.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.