{metadescription}
Жетісу облысында екі баласын сатып жіберген әйел ұсталды
Жетісу облысында екі баласын сатып жіберген әйел ұсталды

Жетісу облысында екі баласын сатып жіберген әйел ұсталды

Жетісу облысында екі бірдей баласын сатып жіберген әйел ұсталды. Тасбауыр ана әр сәбиін бір миллион теңгеге бағалап, қаржыны қалтасына басып үлгеріпті.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 23 жастағы әйел өткен жылдың қазан айында босанып, шақалақты бірден ақшаға айырбастаған. Ол бауыр еті баласын делдал арқылы саудаға салған. Ақшаға дәніккеннен бе ... келіншек өткен айда туған екінші сәбиін бір миллион теңгеге өткізіп жіберген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Егер әйелдің кінәсі дәлелденсе, 9 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Шұғыла Тұрлыбек, ҚР ІІМ ресми өкілі:

Күдікті делдалдар арқылы өзінің 2022 және 2023 жылы туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факті 2022 жылдың қазан айында, екінші факті 2023 жылдың тамызында болған. Екі жағдайда да мәміле сомасы 1 миллион теңгені құраған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.