Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркияға бағыт алған ұшақ бортында 17 жастағы қыз қайтыс болды
Ресейден Түркияға бағыт алған ұшақ Орал әуежайына қонуға мәжбүр болды. Себебі борттағы 17 жастағы қыздың танысы тарылып, есінен танып қалған. Экипаж мүшелері жедел жақын жердегі әуежайға қонғанымен, жолаушының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.09.2023
Әуе кемесі Қазан қаласынан Антальяға бет алған екен. Жолаушылар арасында екі дәрігер болыпты. Олар бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Бірақ 17 жастағы қыз есін жимастан көз жұмды.
Оралдағы әуежайдан күтіп алған жедел жәрдем қызметкерлері жолаушының ұшақ бортында көз жұмғанын айтады. Марқұм анасы және әжесімен Түркияға демалысқа ұшып бара жатыпты. Өзі кішкентайынан сырқат екен.
Қыздың сүйегі сараптамаға жіберілді. Ал ұшақтағы қайғылы жағдайға байланысты жолынан қалған өзге жолаушылар тек төрт сағаттан соң сапарын жалғастырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram