{metadescription}
Алматы облысында өгей әке егіз бүлдіршінді зорлаған
Алматы облысында өгей әке егіз бүлдіршінді зорлаған

Алматы облысында өгей әке егіз бүлдіршінді зорлаған

Өгей әке егіз қызды зорлаған. Алматы облысының Балқаш ауданында болған оқиға жұрттың жағасын ұстатты. Бірге тұрған әйелдің бүлдіршіндеріне азғындық жасады деген 40 жастағы күдіктіге іздеу жарияланып, полиция оны көпке ұзамай ұстады.

Сорақысы сол, көңіл қосқан азаматының мұндай айуандыққа барғанынан қыздардың анасы хабардар болған. Қандай себеппен жасырғаны, неліктен дер уақытында полицияға хабар бермегені тергеуде анықталады. Немқұрайлық танытқан келіншектің өзі де қамауға алынған. Ал жантүршігерлік қылмыс жайында полицияға ауыл тұрғындарының бірі хабарлапты. Өгей әке егіздерді ұзақ уақыттан бері зорлап келген деген де күдік бар. Қазір азап көрген бүлдіршіндерге опереция жасалып, ауруханада жатыр.

Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Күдіктінің әйелі де қамауға алынып, сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Іс облыс ПД бастығының ерекше бақылауында. ҚР ҚК 201бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде