{metadescription}
Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта «аштық жариялаймын» деп сес көрсетті
Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта «аштық жариялаймын» деп сес көрсетті

Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта «аштық жариялаймын» деп сес көрсетті

«Аштық жариялаймын!». Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған экс-шенеунік Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы бір қылмыстық бап бойынша сот залында жауап беруде. Әр сот отырысында небір шоу жасаудан жалықпайтын бұрынғы мәдениет министрі бұл жолы да әуеніне басып, жиналғандарды «аштық жариялаймын» деп қорқытты.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, айыпталушы:

Егер менің құқыма шек келтірсе, ресми түрде аштық жариялаймын. Олар не қаласа, оны қаласын!

Дегенмен сот отырысының басталуынан аяқталуы тез болды. Себебі Мұхамедиұлының мүддесін қорғауға келген екі заңгердің бірі іспен толық таныспаған. Жаңа адвокат судьядан отырысты кейінгі шегеруді сұрап, оның өтініші қанағаттандырылды.

Бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлына сот өткен айда үкім шығарған. Судья экс-министрді сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Артынша, өткен айдың аяғында оған «Дипломат» қонақ үйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды. Куәгерлер экс-шенеуніктің жаға ұстатарлық небір қулық-сұмдығын жайып салғанымен, Мұхамедиұлының өзі «жала жауып отыр» деген сөзінен танар емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.