Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтауда 16 жастағы қыз биік үйдің төбесінен құлап өлді
Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды. Әзірге оның биіктен өзі секіргені немесе біреудің итеріп жібергені белгісіз.
Автор: Айман Нұрмағанбет
11.10.2023
Қайғылы оқиға Ақтаудағы элиталық тұрғын үй кешенінің бірінде болды. 13-ші қабаттан құлаған қыз сол сәтте жан тапсырыпты. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ дейді полицейлер. Алайда нақты көз жеткізу үшін сот-медициналық сараптама жасалады. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім осы үйде туысқанының қолында тұрған екен. Үш жылдан бері отбасылық жанжал немесе ұрыс-керісті байқамадық дейді көршілері.
Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Шақыртуға жедел тергеу тобы шықты. Оқиға орнында денесінде зорлықзомбылық ізі жоқ 16 жастағы қыздың мәйіті табылды. Бұл деректі Ақтау полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram