{metadescription}
0:000:00
«Динамен дұрыс» — бетпе-бет ашық сұхбат, айтылмаған сырын ақтару

«Динамен дұрыс» — бетпе-бет ашық сұхбат, айтылмаған сырын ақтару

КТК телеарнасында көрерменге жаңа жоба көрерменге жол тартты. Енді әр жексенбі біздің арнада «Динамен дұрыс» бағдарламасы шығады. Белгілі жүргізуші Дина Төлепберген танымал адамдармен бетпе-бет ашық сұхбат құрып, бұрын айтылмаған сырын ақтарады.

Актер, әнші, спортшы, саясаткерлердің осыған дейін білмеген қыры мен сыры КТК-ның жаңа жобасында көрініс таппақ.

Камералар қойылды. Дыбыс тексерілді. Соңғы дайындықты пысықтап, КТК арнасы жаңа жобаның түсіріліміне кірісіп кетті. «Динамен дұрыс» бағдарламасында көпшілікке танымал шоу-бизнес жұлдыздары, спортшылар, тіпті саясткерлер қонақ болады. Өзі жайлы сырын бұқпай ортаға тастаған кейіпкерлердің оқиғасы бейжай қалдырмасы анық.

Дина Төлепберген, жүргізуші:

- Мен енді түрлі жанрда жұмыс істеп көргенмін. Бірақ сұхбат форматында жұмыс істемеген екенмін. Сондықтан да, мен үшін бұл үлкен жаңалық болып тұр. Осы студияға келген қонағымның болмысын боямасыз ашу. Мен үшін үлкен жауапкершілік ақпаратты тексеру. Өйткені әрбір ақпарат тіпті менің уысымнан шыққан әрбір сөз оның өміріне, тағдырына әсер етуі мүмкін.

Жүргізуші Дина Төлепберген ел аузында жүрген жандармен жақын сұхбат құрып, олар жайлы тың деректерді көпшілікке ұсынады. Сонымен қатар өнер жұлдыздарының және атақты азаматтардың өздеріне мәлім де, беймәлім қырлары психологиялық тұрғыдан талданбақ. Танымал адамдардың біз білмеген құпиясы мен қорқынышы жаңа жобада айтылмақ. Әр кейіпкерге қатысты арнайы зерттеу жүргізілетіндіктен, «Динамен дұрыс» жобасында бүгінге дейін естілмеген көп ақиқаттың айтылары анық.

Дина Төлепберген, жүргізуші:

- Мен өзімнің негізгі бағытым, басты жолымнан айныған жоқпын. Ол ақиқатты білу, ақпараттарды тексеру. Әгәрәки «Астарлы ақиқатта» біз қоғамда шу болып жатқан мәселелер мен оқиғаларды талқыласақ, талдасақ, мұнда сол қоғамда шу шығарып жүрген жанға түбегейлі бетбұруға мүмкіндік болып тұр. Бұл сапалы фактчек. Бұл журналистік зерттеу.

Шоу-бизнес әлеміндегі таңғаларлық жаңалықтар, көптің көңіліндегі белгісіз қалған сұрақтарға жауап, жетістікке жеткендердің құпиясы 15 қазаннан бастап, сағат 21-00-де КТК телеарнасында шығады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.