{metadescription}
Шымкентте бес адамды қағып өлтірген автобус жүргізушісі сотталды
Шымкентте бес адамды қағып өлтірген автобус жүргізушісі сотталды

Шымкентте бес адамды қағып өлтірген автобус жүргізушісі сотталды

Шымкентте бес адамды қағып өлтірген автобус жүргізушісі 5 жылға сотталды. 49 жастағы Хайрулла Юлдашев бар кінәні өздігінен жүріп кеткен қоғамдық көлікке жауып, жеңіл жаза кесуді сұраған еді.

Хайрулла Юлдашев, сотталушы:

Мен қол тежегішті тартып шығып кеттім. Енді әркім өзіне жаман ой ойламайды ғой. Өз машинама сенгендей тастап кеткем. Ол жақта бір рет емес, алдында да кіргем ол жерге. Соңғы аялдама болмағаннан кейін ... Балашағам бар. Жалғыз асыраушысымын. Өкінемін, бұл тірлікке. Қасақана істеген жоқпын. Соттан сұрағаным, лажы болса, аз мерзім берсе екен деп отырмын.

Әу баста мемлекеттік айыптаушы оған 8 жыл жаза кесуді сұраған. Бірақ жүргізушінің қылмысты әдейі істемегенін, отбасындағы жалғыз асыраушы екенін ескерген судья барынша жазасын жеңілдетіпті.

Айта кетейік, 5 адамның өмірін жалмаған оқыс оқиға биыл сәуір айында болды. Соңғы аялдамаға тоқтаған автобус жүргізушісі, қоғамдық көліктен шығып кеткенде техника төмен қарай өздігінен жүріп кетіп, бағдаршам жанында тұрған 6 адамды таптап өткен. Үш әйел сол жерде көз жұмса, тағы екеуі ауруханада жан тапсырды. Тағы бір науқас мүгедек болып қалды. «Шымкент бас» компаниясы марқұмдардың отбасына моральдық шығын ретінде 5 миллион теңгеден берген. Десе де жәбірленушілер автопарк басшылығы жазадан оңай құтылып кетті деп отыр.

Садықбек Тұрымбетов, жәбірленуші:

Ең алдымен автопарк кінәлі. Мұның бәрі қытайдың автобустары, техникалық ақауы көп. Автобаза бұл жерде оңай құтылып кетіп жатыр. Автобаза кінәлі деп есептейміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.