{metadescription}
Киік еті сатыла бастады — келісі 1600 теңге
Киік еті сатыла бастады — келісі 1600 теңге

Киік еті сатыла бастады — келісі 1600 теңге

Атылған киіктердің еті сатылымға шығарылды. Қазір Қазақстан бойынша 7 комбинат ақбөкен етін сатумен айналысуда. Ауыл шаруашылығы министрлігі киік етін тек ел аумағында сатуға рұқсат деп отыр. Ал мүйізі мен тұяғын Үкімет ешкімге бермей, сары майдай сақтамақ.

Жергілікті халық тарапынан келісі 1600 теңгеге бағаланған киелі жануардың етіне сұраныс та жоғары екен. Бұған киік етінің төрт түліктен арзан болуы себеп. 

Биыл диқандарға оңай жыл болмады. Жекелеген өңірлердегі қуаңшылық соңы бір айға созылған нөсер жаңбырға ұласты. Соның салдарынан қамбаға биыл тек 16 млн тонна астық түскен. Үкімет отырысынан соң журналистер алдына шыққан ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров былтырғыға қарағанда бұл үш есеге аз көрсеткіш екенін мойындап отыр. 

Дегенмен министр тұтас қазақ жұрты нан өнімдері мен ұннан тарықпайды деп ойын сабақтады. Сөзіне сенсек, баға да бірқалыпты. Әріптесінің сөзін премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин де қолдап отыр. Көктем шыққанша Үкімет картоп, сәбіз бен пияздың да бағасын өсірмей ұстап отыратынына кәміл сенеді.

Серік Жұманғарин, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

Қазір мені алаңдататын жұмыртқаның бағасы. бірер ай бұрын 10 дана жұмыртқа 450 теңге тұратын. Қазір 600 теңгені маңайлап қалды. Сұйық май мен күнделікті қолданыстағы көкөніс бағасы қазір бірқалыпты.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мемлекеттен бөлінген субсидиядан қағылып жаппай наразылыққа шыққан жамбылдық диқандардың мәселесінен де хабардар. Айтуынша, қаражатты ала алмауына шаруалардың өзі кінәлі. Қызылша өсіреміз деп ниеттеніп, соңында көк тиын да ала алмай отырғандарға дереу құжаттарын реттеу керек.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Ауылдың жағдайын білмейді емес, білеміз. Ауылдарға барып жүреміз. Жағдайын жасайтын адам жаздыгүні барлығын дайындайды. Екіншіден, субсидия мәселесі шынымен бізде ЖШС, шаруа қожалықтары, кооперативке қосылған жеке қосалқы шаруашылықтар ала алады. Жалғыз жеке қосалқы шаруашылықтар болса онда субсидия ала алмайды.

Ал көпті алаңдатқан киік ату науқаны 1 желтоқсанда ресми тоқтатылады. Одан кейін ақбөкендерге мылтық көздегендер заң жүзінде жазаланады. Әзірге ауланған киік еті 7 ет комбинатына жөнелтіліп жатыр. Терісі сыпырылып, комбинат жанындағы дүкендерде бір келісі 1600 теңгеден сатылып жатыр. Жергілікті халықтың бұл етке сұранысы жоғары, тіптен шұжық пен паштетке артық ет қалмай жатыр екен.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Біз 7 ет комбинатын айқындадық. Комбинат жанындағы дүкендерде жергілікті халыққа сатылуда. Экспортқа ет шығарылмайды. Кәсіпорындармен келісімшартттар жасалған. Батыс Қазақстанда төртеу, Қостанайда екеу, Ақмола мен Қарағандыда орналасқан комбинаттар.

Ауыл шаруашылығы министрі егінін киік таптаған шаруалардың шығынын мемлекет өтемейтінін қадап айтты. Биылғы есеп бойынша ақбөкендер1 млн гектар егін алқабын зақымдаған. Жергілікті әкімдіктер мен жауапты сала ведомствосы жыл соңында қанша бас киіктің ауланғаны жөнінде ақпар бермек. Әзірге киік популяциясын реттеу бойынша 8 мыңға жуық ақбөкен ауланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.