Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодарда былтыр отырғызылған жасыл желек қурап жатыр
Павлодарда былтыр отырғызылған жасыл желек жыл өтпей жатып қурап қалды. Көктемей жатып солған ағаштарды тәуелсіз экологтар санап шыққан. Олар бюджеттен қыруар қаражат жұмсалып егілген талдардың бүгінгі сиқына қынжылады. Бұл жағдайға шенділер мән бермей отыр дейді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
15.11.2023
Экологтар қоғамдық бақылауды назардан тыс қалдырған емес. Биыл олар жергілікті атшабар аумағындағы жаңадан егілген ағаштарды тексеріп көрді. Бұл жерге терек, қарағай және татар үйеңкісі сияқты 6 мыңнан аса ағаш отырғызылыпты. Шенділер қала экологиясын кәсіпорындардан шығатын түтіннен жасыл желекті көбейту арқылы қорғамақ болған. Алайда қалың орман болмаса да, бір жылда бой түзеп қалуы тиіс тал-дарақтың тек 24 пайызы тамыр жайған. Қалғаны көктемей жатып қурап кетіпті. Бірақ неге бұлай болғанын әкімдіктегілер әзірге айтқысы келмеді. Ал қоғам белсенділері оның түрлі себебі болуы мүмкін дейді.
Марина Поух, эколог:
— Әрине, бұлай болуының себебі көп, Ағаш тамырының қаншалықты сапалы екенін біз көрген жоқпыз. Талдарды отырғызғанда топыраққа назар аудармаған шығар. Биыл жаз ыстық болды. Суарылмай қалуы да мүмкін. Әйтеуір ағаш саны көп, сапасы жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram