{metadescription}
«Қыз зорлады». ІІМ бірінші басшылары әріптесінің әрекетіне ұялып жүр
«Қыз зорлады». ІІМ бірінші басшылары әріптесінің әрекетіне ұялып жүр

«Қыз зорлады». ІІМ бірінші басшылары әріптесінің әрекетіне ұялып жүр

«Ұят болды». Ішкі істер министрлігінің бірінші басшылары қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынған талдықорғандық әріптесінің теріс әрекеті үшін ұялып жүр. Вице-министрі Марат Қожаев Талдықорғанполиция басқармасының бастығының ісіне қатысты осындай пікір білдірді.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Ұятты жағдай. Оны мойындау керек. Бірақ әр адамның жүрегіне, ойына қанына сіңетін ойларын біз біле алмаймыз. Тексерістен талай рет өтті. Жаңадан келген қызметкер емес. Талай жылдар істеп келе жатқан адам. Бірақ осындай нәрсе істеп қойды енді. Кеше барлық тексерістер өткізілді. Талдықорған Департаменті басшылығының жауапкершілгі қаралды. Министр бастықтан бастап, оның орынбасарларын орнынан алып тастады.

27 жастағы қызды өз кабинетінде зорлады деген күдікке ілінген Марат Күштібаев уақытша ұстау абақтысына қамалған соң, Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың өзі Жетісу облысына арнайы барып, Полиция департаментінің бастығы генерал Арыстанов пен орынбасарларын да орындарынан босатқан. Айта кетейік, темірдей тәртіп қалыптастырудың орнына, қыздарға қол жүгірткен басқарма бастығы бұған дейін де қол астындағы қызметкерлерін балағаттап, жаман атты болған еді. Ол кезде орталықтан оның лауазымын төмендету туралы ғана бұйрық келді. Бірнеше жыл өткеннен кейін Марат Күштібаев қайта жылы орынтағына оралған-ды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.