{metadescription}
0:000:00
Астанада жүргізуші мас қыз үш көлікті соғып, бір әйелді өлтірді

Астанада жүргізуші мас қыз үш көлікті соғып, бір әйелді өлтірді

Елордада мас қыз тұрғын үйдің ауласында бір әйелді көлікпен қағып, үш көлікті соқты. 42 жастағы әйел оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмған.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, оң жағалаудағы тұрғын үйдің ауласында Тойота Камри көлігінің 20 жастағы жүргізушісі әуелі жаяу жүргіншіні қағып, артынша тұрақтағы үш көлікті соққан. Бұған қыздың көлікті мас күйінде тізгіндегені себеп. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды. Сот кінәлі деп тапса, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Марқұмның күйеуі оқиға жайлы тәртіп сақшыларынан естіген. Төрт баланың әкесі көлік жүргізушісінің қалайда қатаң жазаға тартылғанын қалайды.

Ербол Жұмабаев, марқұмның күйеуі:

Ішімдекке сылқия тойып алып әйелімді қағып өлтірген қыз өзінің ғана емес, біздің өмірімізді де ойран етті. Төрт баламды анасыз қалдырды. Қазір кенжеміз төрт жаста, ол әлі түсінбейді, анасын күтіп жүр. Жүрегім жылап, өзімді қоярға жер таппадым. Ол қыз әйелімді қағып кетіп, шыға сала өз көлігіне қарады, содан кейін әйелімді көріп, оны көтеріп, қайта тастай салды. Қашып кеткісі де келді. Одан соң көліктегі заттарына бола қайтып кеп, жайбарақат ауладан шығып, такси шақырып кетіп қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде