Жалған құжатпен 253 млн субсидияны қалтасына басқан
Қарағанды облысында ауыл шаруашылығына арналған инвестициялық субсидияға қол салған азамат 6 жылға сотталды. Ол шаруа қожалықтары атынан жалған құжаттар жасап, мемлекеттің 253 миллион теңгесін қалтаға басқан.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
07.12.2023
Бұл қаражат ауыл шаруашылығында қолданылатын күн батареяларына бөлінген. Осы батареялардың қосалқы бөлшектерін сатып алу шығынын өтеу үшін субсидия сұралыпты. Осыны қолға алған күдікті 2018-2020 жылдар аралығында шаруа қожалықтарының атынан жалған құжаттар жасаған. Аталған құжаттарда бөлшектердің бағасын бірнеше есе қымбат көрсетіп, бөлінген ақшаны қалтасына басыпты.
Әлібек Әбділов, ҚР қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:
— Жоғары бағамен субсидия алуға өтініш беріп, соның негізінде қаражат төленген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, келтірілген шығынды өтеуге және 10 жыл мерзімге кәсіпкерлікпен айналысу құқынан айырыла отырып, 6 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!