{metadescription}
0:000:00
Елімізде бірыңғай уақыт белдеуі 1 наурыздан бастап енгізіледі

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуі 1 наурыздан бастап енгізіледі

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуі 1 наурыздан бастап енгізіледі. Бұған дейін ғалымдар мен сарапшылардың қызу талқысына түскен мәселеге сауда және интеграция министрлігі нүкте қойды.

Қазір тиісті түзетулер бекітілді. Енді 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні Астана уақытымен түнгі 12-де елдің үш қаласы мен 12 облысы жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытады. Осылайша барлық аймақ 5-ші сағаттық белдеуге орналасады. Бүгінге дейін екі уақыт белдеуі болды. Сарапшылар елдегі табиғи уақыттың сәйкес келмеуі адам ағзасына зиянын тигізеді деген дәйегін алға тартты. Соңғы он жылдағы зерттеудің нәтижесі биологиялық сағаттың бұзылуынан күйзеліске шалдыққандар саны көбейгенін көрсетті. Сәйкесінше Қазақстанның бүкіл аумағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады деген шешім қабылданды.

Айта кетейік, бұған дейін UTC+5 және UTC+6 уақыт белдеуі қолданылған. Енді бірізді жүйе бекітілгеннен кейін, батыс өңірмен басқа аймақтардың уақыты теңеседі.

Бауыржан Қасымов, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары:

Сарапшылардың денсаулыққа пайдадан басқа бірыңғай уақыт белдеуін орнатуы еліміздің әр өңір тұрғындары арасындағы уақыт кедергілерін жоюды көздейді. Көлік және басқа да коммуникацияның жақсаруын, бизнесті жүргізуді, сондай-ақ мемлекеттік орындармен төтенше жағдайлар қызметін өзара іс-қимылына жағымды әсер етеді деп атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде