{metadescription}
0:000:00
Шымкентте 6 жыл бұрын ғана берілген үй жылусыз қалған

Шымкентте 6 жыл бұрын ғана берілген үй жылусыз қалған

Шымкентте алты жыл бұрын ғана берілген үйлердің құбырлары шіріп, 500-ге тарта отбасы жылусыз қалды. Жылыту маусымы басталмай жатып, Тұран -1 шағынауданындағы 11 көпқабатты үй азынап тұр. Суықтан тоңған тұрғындардың шағымынан кейін тексеріс бастаған жауаптылар құбырлардың тозып кеткенін анықтаған.

Енді қыс түскенде құбыр ауыстырып жатқан коммуналдық мекеме бұған инженерлік жүйелерді жүргізген мердігер компания кінәлі дейді. Бірақ құбыр төсегендер мұнымен келіспейді. Екі жақ бір-бірімен тартысып жүргенде тұрғындар жылусыз отыр.

2017 жылы көпбалалы отбасылар мен мүгедектерге берілген Тұран-1 шағынауданында үйдің комуналдық мәселесі бітер емес. Қыс түссе де, баспанада жылу жоқ. Тұрғындар амалсыздан электр жылытқышын қосыпғ бір бөлмеге тығылуға мәжбүр. Алты баласы бар Эльмира Пернебек сәбилерінің суықтан қайта-қайта ауырып жатқанын айтады.

Эльмира Пернебек:

Бәріміз осы бір бөлменің ішінде, мүгедек қайын ағам бар. Бір бөлмеде тоғыз адам отырамыз. Басқа амалымыз жоқ. Басқа жақ суық. Бәрі шетінен ауырып жатыр. Қанша ақша дәрігерге кетіп жатыр. Түсініп жатқан жоқпыз. Неге ақша төлейміз? Осы айда үш мыңнан аса теңгеге төлем келді. Бірақ жылу жоқ. Не үшін төлеп жатқанымызды өзіміз де түсінбейміз.

Тізесі жылымаған жұрттың шағымынан кейін жылуға жауапты мекеме жер астындағы құбырларды тексеріп, олардың шірік екенін анықтаған. Ал тұрғындар ақауды қыста ғана байқағандар күн жылыда қайда қарады деп наразы.

Гүлизат Сейдазова:

Қысқы мерзімге байланысты, жылы суға байланысты тексеру жүргізеді.Соның нәтижесін олар тұрғын үй коммуналдық шаруашылыққа өткізеді. Мысалы, өткізген акті кезінде «Қуат» жылу Тұран мөлтекауданы толығымен қысқа дайын деп есеп берген. Ал шын мәнінде дайын болмаған. Қазірдің өзінде 11 үйге жөндеу жүргізіліп жатыр. 11 үй дегеніңіз, жалпы орта есеппен алғанда, 536 пәтер қазір жылусыз отыр.

Ал «Қуат» жылу орталығындағылар құбырларды «жазда тексергенбіз» дейді. Бірақ ол кезде ешқандай ақау болмапты. Тартылғанына алты жыл ғана болған темір құбырлар қолмен ұстасаң үгітіліп жатыр деген олар сапаға үй салып, инженерлік жүйелерді жүргізген мердігер мен қабылдап алған «шенеуніктер кінәлі» дейді.

Нұрбек Орынбаев, «Қуат Жылу» орталығы мекемесі директорының орынбасары;

  Жалпы бұл жерде 1850 метр жылу құбыры бар. Оның қазір 560 метрі ауысады. Қалғанын келесі жылға пландайтын боламыз. Шіріген, тозығы жеткені шынымен көзге көрініп тұр. Ары қарай біз қазір Алматымен байланысқа шығып жатырмыз.Қазір тілімін кесеміз, бір бөлігін кесеміз десе, Алматыға сараптамашыэкспертизаға жібереміз.

Ал «алты жылға жетпей шіріді» деген құбырды жүргізген мердігер айыппен келіспейді. «Сапалы материалдарды ғана қолданамыз» деген «Отау Строй» компаниясы өзі кепіл ретінде берген бес жыл ішінде еш ақау болған жоқ деп ақталды.

Аңсат Сүлейменов, Отау Строй ЖШС заңгері:

Оны қабылдаған кезде біз жоба-смета құжаттарын жасадық. Сол жерде құбырдың қалыңдығы, қандай материалдан жасалынатыны бәрі сол сметада жазылған. Сол нормаларға сәйкес . мысалы үлкен жүк машинасы өтуі мүмкін дегендей. Ондай нәрселер көп қой . Оны енді сараптама анықтайды.

Қазір комуналдық «Қуат» жылу мекемесі шіріген 600 метрге жуық құбырдың орнына жаңасын қойып жатыр. Бір-екі күнде жылуға қайта қосамыз дейді. «Жұмысты өз есебімізден жүргізіп жатырмыз» деген олар құбырды сараптамаға беріп, сосын сотқа жүгінбекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.