{metadescription}
Семейде сауда орталығы өртеніп, екі мың саудагердің тауары күлге айналды
Семейде сауда орталығы өртеніп, екі мың саудагердің тауары күлге айналды

Семейде сауда орталығы өртеніп, екі мың саудагердің тауары күлге айналды

Семейде сауда орталығы отқа оранды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтай алмаған. Соның салдарынан екі мыңнан астам саудагердің тауары түгі қалмай күлге айналды. Шаш етектен шығынға батқан жұрт өтемақыны кімнен талап етеміз деп абдырап отыр. Ал жергілікті билік олардың банктен алған несие төлемін тоқтата тұруға өтініш жібермекші.

Шаһардың қақ ортасындағы ірі сауда орталығынан тілсіз жау түн жарымда тұтанған. Жұмылдырылған 350 адаммен қырықтан астам техника өртті ауыздықтай алмай жатыр. Шамамен төрт мың шаршы метр аумақ күлге айналды. Ал төңірегіндегі базарлар мен авто бекет жұмысын тоқтатып, көшелерде көлік қозғалысы шектелді.

«Ақшын» сауда орталығы қағаздай жанды. Іші толы киім-кешек пен пластик құрылғылар тілсіз жауды ауыздықтауға ырық бермеді. Қас-қағым сәтте күш алған қызыл жалын төңірегіне лезде тараған.

Сауда орталығында нәпақасын тауып жүрген саудагерлердің тауары күлге айналды. Тіпті кейбірі 20 млн. теңгенің заты түгі қалмай жанып кеткенін айтып зар жылауда.

Энвира Байдалина:

Сауда орталығында сауда жасағаныма 30 жыл болды. Бұл біздің күнкөрісіміз. Бір үйімізге айналған. Міне, тақырға отырдық. Ал қаншама адам есінен танып жатыр. Психологиялық соққы алдық. Өйткені көбінде төлейтін несиесі бар.Енді ары қарай күнімізді қалай көреміз?

Берешекке белшесінен батқан жұрт отқа оранған тауар құнын кімнен өтеп алатынын білмей дал. Олар несие алып киім-кешектерді Қытай мен Түркиядан тасымалдап отырған екен. Ал атқамінерлер қан қысымы көтеріліп отырған саудагерлерді сабырға шақырып әлек. Жергілікті билік оларға өзге сауда орталықтарынан орын тауып бермек ниетте. Алайда шенеуніктердің бұл жұбатуы жұрттың қытығына тиді.

—Орын тапқанмен, не сатамыз? Қарызымызды жабуға ақша бере аласыз ба?

Жалпы орталықтан 2220 адам суда орнын жалға алып келген екен. Енді, олар жаппай полиция қызметкерлеріне арыз түсіруде. Қазір өрттің шығуына кінәлі тұлғаны анықтау үшін 15 тергеуші жұмылдырылды. Ал, өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жеткенімен, қызыл жалын қарқын алып кеткен.

Қымбат Көпбаев, Семей ТЖБ бастығының орынбасары:

Бутиктардың бәрінде киімдер. Бәрі үлкен көлемде. Және де «Ақшыңның» қабаттарының бәрі қара түтін болып толып кетті. Қызуы қатты болып, ошақтың басына өту өте қиын болды.

Қазір сауда орталығынан шыққан өрт тежелді. Әйтсе де күлге айналған аумақ 7 мың шаршы метрге жетті. Мамандар өрттің неден тұтанғанын дереу анықтамақ. Енді осы сараптамаға сәйкес, шығынға батқан қарашаның өтемақысы төленетіні, не төленбейтіні белгілі болады. Ал жергілікті билік жұрттың банктен алған несиесін төлеуді тоқтата тұруға өтініш жіберіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде