{metadescription}
Екібастұзда төтенше жағдай — коммуналдық апат
Екібастұзда төтенше жағдай — коммуналдық апат

Екібастұзда төтенше жағдай — коммуналдық апат

Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланды. Майқайың кентіне ауызсу жеткізетін Екібастұздағы құбырда коммуналдық апат болған.

Бес күн бұрын Майқайың кенті ауызсудан ажыратылды. Қыстың қақаған суығында құбырдың біраз жері сіресіп қатып қалған. Отыз жылдан бері жөндеу көрмеген желі «Екібастұз қалалық су арнасы» коммуналдық мекемесіне тиесілі. Мамандар құбырдың әбден ескіргенін айтады. Қазір тіршілік нәрінен тарыққан Майқайың кентіне су сыздықтап берілуде. Тіпті кей жерге қысым жетпей, тұрғындар суды тасып ішуге мәжбүр. Коммуналдық апатты жоюға 100-ден астам маман жұмылдырылып, олар қатып қалған құбырларды бу генераторларымен жылытып жатыр. Сол себепті «Богатырь-көмір» кенішіне су беру де уақытша тоқтатылған.

Жансерік Қапзолда, Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің маманы:

Қазір бес учаскеде құбырды жылыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жер асты және жер үсті құбырлары. Анықталған ақауды жою кезінде төрт шақырымға жуық құбыр жылытылды. Майқайың кентіне су төмен қысымда берілуде. Суды тәулігіне орташа тұтыну 250 текше метрді құрайды. Резервуарларды тұрақты түрде толтыру қамтамасыз етіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.