{metadescription}
18 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
18 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

18 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Атынан несие алып, артынан ұрып өлтірген. Алматы облысында қайтыс болған 18 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Жақындарының айтуынша, марқұм Жаннұр Қали күдіктілермен бір пәтерде бір аптадай бірге тұрған. Сол уақыт аралығында жас жігіттер бойжеткеннің атынан 2 мәрте несие алыпты. Ақыр соңында қызды өлтіріп, ізін жасыру үшін жартылай өртелген денесін жазық далаға тастап кеткен. Қазір жантүршігерлік қылмысқа барған 23 және 21 жастағы екі жігіт қамауда отыр.

Жантүршігерлік қылмыс осыдан бір апта бұрын болды. Жас жігіттер 18 жастағы қызды әбден ұрып-соғып, Қонаев қаласының маңына әкеледі. Сөйтіп, жазық далада өлтіріп, артынан өртеп жіберген.

Бірақ, денесі толық өртенбепті. Полицейлер осы күйінде тауып алған. Мұндай жауыздыққа барған күдіктілердің бірі марқұм Жаннұр Қалидың сөйлесіп жүрген жігіті болып шыққан. Екеуі наурыздың басында интернет арқылы танысқан екен. Кейін тіпті бір пәтерде тұрған.

 Ботагөз Ұябаева, марқұмның туысы:

- Тергеушінің айтқаны, бұлар 7-сі күні танысқан. 9-нан бастап 1 апта бірге тұрған. Атынан кредит алдырған. Айфон телефонын сатқан. Содан кейін Бақанастыңтың жолында қасақана өлтірген деп қысқа мәлімет берді. 15:08 Екі адам өлтірген. Битамен ұрған. Өртеген.

Дәм тұзы небәрі 18 жасында таусылған Жаннұр Қали Өтеген батыр ауылында тұрған. Осында колледжде аспаз мамандығында оқыпты. Бірақ, жақында оқуын тастап, Алматыда жұмыс істеймін деп кеткен екен. Күдіктілер бойжеткеннің жетім екенін біліп, іздеу-сұрауы болмайды деп ойлап, пайдаланғанына сенімді туыстары.

Ботагөз Ұябаева, Марқұмның туысы:

- Күдіктілермен танысқан кезде ешкімім жоқ, жетім қызбын деп айтқан екен. Жетім болғанда, әкесі 2007-ші жылы ықайтыс болды. Анасы аналық құқығынан айырылған. Бала опекунствада екінші нағашымның қолындла өскен. Кейіннен 7 сыныпқа өткенде апамыздың қолына өткен.

Жаннұрды осы уақытқа дейін бағып-қаққан туыстары кінәлілердің қатаң жазаға тартылуын талап етуде.

Бағдат Қашқынбекова, марқұмның туысы:

- Қызымды осындай қорлықпен өлтірген адамдар әділ жазасын алып, бұларға ешқандай жеңілдік болмасын. Өздері қалай балама қиянат жасады, сондай өлім болсын бұларға. Ату жазасын сұрар едім баламды қорлаған адамдарға. Баламды алдап-сулап, сеніміне кіріп, осындай жауыздық жасаған.

Қазір қолын қанға малған 21 және 23 жастағы екі сыбайлас қамауда отыр. Біреуі Алматы қаласының, екіншісі Қонаев қаласының тұрғыны. Қанды қылмыс жайлы полицияға осы екеуінің досы хабарлаған көрінеді. Кейін қаскөйлер ұсталып, кінәсін толықтай мойындапты. 

Тергеу барысында күдіктілер 14-15 наурызға қараған түні Қонаев қаласының оңтүстік – батыс бөлігінде орналасқан жерде зорлық-зомбылық көрсетіп, жас қызды өлтіргені анықталды. 21 наурызда екі күдікті тергеу сотына бұлтартпау шарасына санкция беру үшін ұсынылды және сот шешімімен олар қамауға алынды. Күдіктілердің қылмыстық әрекеттері кісі өлтіру бабы бойынша, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өзімшіл ниетпен басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасауы бойынша сараланады.

 Іс 99-шы бап бойынша қозғалған. Заңға сәйкес, енді екеуі де 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде