{metadescription}
«Асылып өлген». Ақтөбеде өмірде жоқ адамға сот үкімі кесілді
«Асылып өлген». Ақтөбеде өмірде жоқ адамға сот үкімі кесілді

«Асылып өлген». Ақтөбеде өмірде жоқ адамға сот үкімі кесілді

Ақтөбеде өмірде жоқ адамға үкім кесілді. Себебі: күдікті тергеу кезінде асылып өлген. Соған қарамастан марқұмның туыстары оның атын ақтап алмақшы болып сотқа арызданған. Судья кінәлі деп таныды.

Күдіктінің абақтыда суицид жасауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған еді. Бірақ жалғыз ұлының жауыздыққа барғанына сенбеген

ата-ана екі адвокат жалдап, сот болғанын талап еткен. 23 жастағы жігітке ол кезде ауыр айып тағылған. Прокурорлар оны 35 жастағы келіншек пен оның ұлын пышақтап өлтірді деп айыптады. Яғни тура бір жыл бұрын күдікті екінші қабаттағы пәтерге балконнан кіріп ұйықтап жатқандарға пышақ сілтеген. Қанды қылмыстан аман қалған 13 жастағы қыз қансырап жатса да, құтқарушыларға хабарласып көмек сұрайды. Бүтін отбасындағы тек сол жасөспірім ғана аман қалды. Аталмыш қылмысты жасаған жігіт те ақыры тергеу кезінде өзіне қол салды. Сотта оны кінәлі деп танығанымен, ешқандай жаза тағайындалмады. Себебі оны өтейтін адам бұл дүниеде жоқ. 

Жәнібек Сейтжапаров, Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы:

Сот үкім етті. Елеуов ҚР ҚК 192-бабы, 3-бөлігі, 4 тармағымен, 99-бабы, 2-бөлігі және 1 және 14-тармағы, 99-бабы 3 бөлігі, 24-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін жаза тағайындалмай, кінәлі деп танылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде