{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе: Интернаттағы әлімжеттік

Ақтөбе: Интернаттағы әлімжеттік

Ақтөбеде спорт мектебінің сегізінші сынып оқушысын өзінен бір-екі жас үлкен ұлдар ұрып өлтірген. Мұны куәгерлер де, сараптама да растады. Қазір күдікке ілінген балалар қамауда отыр. Ұлынан айырылған ата-ана жауыздыққа барған жасөспірімдерді де, алғашында қылмысты барынша жасырған білім ошағының басшыларын да қатаң жазалауды сұрайды.

Жоқтау айтып жылағанымен, кенже ұлының келмеске кеткеніне ата-анасы көндіккен. Бірақ ажалдың алыстан емес, ұлы оқитын мектеп-интернаттағы жоғары сынып оқушыларынан келгеніне шошынады. 

Зоя Базарбаева, Бексұлтанның анасы:

Мойындадым, менің балам келмейді. Мойындадым. Бірақ мына балалар жазасын алса екен. Жалғыз балалар емес, осы жердегі төменгілерден бастап, жоғарғысына дейін жазаланса екен. Неге бұның үстінен іс қозғамайды? Неге қаралмайды? Неге тәртіп жоқ? Тәртіп жоқ жерде білім бола ма?

Көз жұмған Бексұлтан Әбубәкір еркін күрестен спорт шебері болған. Егізінің сыңарымен мектеп-интернаттың сегізінші сыныбында оқыған. Төрт күн бұрынғы қайғылы оқиғаның қалай болғанын сол сыңары айтыпты. Жоғары сыныпта оқитындар сегізінші сыныптың он оқушысын бір бөлмеге тізіп қойып ұрып-соққан. Қыршын кеткен оқушының қатты соққыдан қайтқанын сараптама да растады.

Қайрат Қалназаров, Бексұлтанның әкесі:

Ұрған. Бір-бір жұдырықпен ұрған, төсінен. Шапалақтаған. Менің балам Бексұлтан шетте тұрған. Есіктің қасында тұрғанда шапалақпен бетінен ұрған кезде, шапалақтан еңкеймей ме, сол кезде Мирлан деген бала, оныншы сыныптағы бала тізесімен не қылған. Тізе тигеннен кейін, бала былай, есікке қарай құлағандағ дәліздегі бейнекамераға түсіп қалған.

Қайғылы оқиғадан кейін мектептегі әлімжеттікті басқа оқушылар да жарыса айтыпты. Жоғары сыныптағылар күнделікті дөнер алу үшін ақша сұрап, жатақханадағы бөлмелерді де жұдырықтатып жинатады екен. Ал үш күн бұрын ғана әлімжеттік туралы жақ ашпаған білім ошағының директоры енді ол кезде «төбелес болғанын білмедім» деп отыр.

Қайрат Әжбағамбетов, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының директоры:

Бақылаусыз дегенде, түнгі кезекшіліктегі тәрбиеші сол қабатта болған. Бірақ сол балалар сол бөлмеге кіріп кеткенін көрмей қалған. Мұғалімдерге тергеу енді жүріп жатыр. Тәрбиешілері, жаттықтырушылары, орынбасары.

Қазір оқушының өліміне қатысты үш бап бойынша іс қозғалған. Тек Бексұлтанды ұрып өлтірген жоғары сынып оқушылары ғана емес, білім ошағының өкілдері де жауапқа тартылатын болады.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру деректері бойынша, сондай-ақ спорт мектебінің педагогтары мен басшылықтарының міндеттерін адал атқармау бойынша үш қылмыстық іс тергеуде. Қазіргі таңда күдіктілер ретінде осы мектептің екі тәрбиеленушісі тұтқынға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Есет батыр атындағы спорт мектебінде қазір 300 бала оқиды. Барлығы интернатта жатады. Бірақ оларды кешкілік бақылау тек үш тәрбиешінің мойнында екен. Қайғылы оқиғадан кейін ғана кезекшілер санын көбейтіп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде