{metadescription}
Ескерту: Өсімдікті зақымдасаң, 73 мың айыппұл төлейсің
Ескерту: Өсімдікті зақымдасаң, 73 мың айыппұл төлейсің

Ескерту: Өсімдікті зақымдасаң, 73 мың айыппұл төлейсің

Алматыда селфи жасаймын деп гүлдерді таптап, гүлзардың сәнін қашырғандар көбейген. Басым көпшілігі абаттандыру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауап қарастырылғанын білмейді. Әкімдіктегілер заңға сай, өсімдіктерді зақымдаған тұрғындарға 73 мың теңге айыппұл салынатынын еске салды.

Көктем шыға Алматы гүлденіп, мың бояуға малынады. Қысқа дейін отырғызылған сәнді өсімдіктердің бір бөлігі қазір жайнап тұр. Ал өзге түрі енді егіле бастаған. Сұлулыққа кез келген адам тамсанады. Өкініштісі, жайқалған гүлдердің үстінде селфи жасаймын деп, өсімдіктерді таптап тастайтындар көбейген.

Мәселен, сан түрлі гүлдер өсіп тұрған алаңға қараңыз, әр жерде ұзыннан-ұзақ созылған іздер жатыр. Тапталып қалған гүлдер қурап, шіріп кеткен. Суретке түсуге құмарлардың кесірінен гүлзардың сәні қашқан.

Селфиге бола өсімдіктерді таптап жүргендерді мына суреттерден-ақ көруге болады. Кейбірі тіпті бала-шағасымен де кіріп кеткен.

Әлішер Жандосұлы:

Адамның санасына байланысты. Тәрбие көрмеген шығар. Солай деп ойлаймын. Қоршаған ортамызды ластап, қаншама еңбекке отырғызғанды таптап, жұлады. Түрлі видео түсіреді.

Жеңісгүл Нұрданбек, жұмысшы:

Орталық саябақтарға гүл отырғызамыз. Кілемдей етіп, Бірақ иттерімен келіп,жаздай таптап кетеді. «Саябақта қыдырамыз, саябақ не үшін, қыдыру үшін» дейді. Ал біз сол адамдар үшін, елге жылу сыйлайтын гүлдерден ләззәт алса екен дейміз. Біздің еңбегімізді бағаламайды.

Табиғатқа немқұрай қарайтындарға қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірақ тұрғындардың көбі оны білмейтін сияқты. Сондықтан шенеуніктер айыппұлдың көлемін тағы бір еске салып шықты.

Нұркен Ақмырза, Алматы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы:

Әлеуметтік желілерде тіркелген фактілерге байланысты департамент Алматы тұрғындары мен қонақтарын сәндік гүлді көгалдандыруға және қоғамдық орындарға қамқорлық жасауға шақырады. Ведомство қолданыстағы заңнамаға сәйкес, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 40 АЕК, ірі кәсіпорындар үшін 100 АЕК айыппұл салынады.

Қаладағы гүлзарларды ешкім тәулік бойы бақылап отырмайды. Бірақ өсімдіктерді таптап жүргеніңізді тәртіп сақшылары байқап қалса, 73мың теңге айыппұл салынады. Табиғатты қорғау заңнан қорқу емес, әр адамның тәрбиесінен екенін біліп жүрген абзал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде