{metadescription}
0:000:00
Gres Park. Алматы облысында баспана алған жұрт шулап отыр

Gres Park. Алматы облысында баспана алған жұрт шулап отыр

«Санаты жоғары деп сатқанымен, сапасы тым төмен»! Алматы облысында жаңа баспана алған жұрт сапаға көңілі толмай шу шығарды. Gres Park деп аталатын кешен кезінде «комфорт санатында» деп сатылыпты. Бірақ қазіргі кескінінің комфортқа "үш қайнаса сорпасы қосылмайды". Қабырғалары жарылып, жарығы да жиі сөнеді.

«Жалаң жарнамаға сендік» деген жұрт құрылыс компаниясының талай табалдырығын тоздырса да, еш нәтиже болмаған. Ал компания өзіне шаң жуытар емес. Жұрттың жанайқайын КТК тілшісі тыңдап келді.

Бұл үйлердің пайдалануға берілгеніне небәрі екі-ақ жыл болған. «Су жаңа пәтерге ие болдық» деген тұрғындардың қуанышы көпке созылмапты. Өйткені үйлердің қабырғасы сөгіліп, іргетасы опырыла бастаған. Ал жер сілкінісінен кейін кейбір пәтердің еденіне де сызат түскен.

Сапасыз салынған үйлерінің кем-кетігін көрсеткен тұрғындар, жауын болса, төбеден су ағады деп жыларман болды. Нәзира Қиятова мұнда былтыр көшіп келген. Содан бері жөндеуден қолы босамапты.

Нәзира Қизатова:

Ешқандай жағдай жоқ. Бөлмелерімде сызат. Жарықшақтар. Жел соғып тұрады. Алғаннан сондай боп тұр. Жер сілкінісіне дейін болған. Қыста еденімнің астынан жел гуледі, үлкен тесік бар. Ешқандай «комфорт» емес. Алаңдарымыз анау, шашылып жатыр.

Расында Gres Park кешенінің желідегі жарнамасына қарасаң, көздің жауын алады. Арнайы кең көлік тұрақтары мен жасыл желек қоршаған ауласы бар. Тізіліп тұрған дүкен, сұлулық салоны, дәріханасы да көрсетілген. Бірақ шын мәнінде мүлде бөлек.

Алиса Попова:

Бізде мәселе көп. «Домус Қазақстан» компаниясының айтқанынан сеніп қалдық. Үйді сатқан кезде комфорт санататындағы үйлер деп айтқан. Газыңыз да, суыңыз да, жылуыңыз да бар деп. Енді ,міне, не суға, не жарыққа жарымай отырмыз. Жарық жиі сөнеді.

Динара Сахметова:

Осында көшіп келген кезде жыл болмай, кіреберістегі қабырға үгітіліп түсе бастады. Барлық қабырғада жарықшақ пайда болды. Бізде жеке шот деген мағына жоқ. Не болса да, заңды түрде бәрін төлейік, мына судың бәрін өткізіңіздерші ,біз сумен адам сияқты қолданайық десек, ол да жоқ.

Жалпы тұрғын үй кешені 11 блоктан тұрады. Яғни 380 пәтер бар. Суды да тұрғындар әлі құрылыс компаниясынан алып ішеді. Өйткені құбыр коммуналдық мекемелердің балансына өтпеген. 

Меруерт Азылқияшева, Гүлдала ауыл округі әкімінің орынбасары:

Суда желі дейді ғой, соның бәрі Іле ауданына қарайды. Ол кісілер заңды тұлға ретінде «Домус Қазақстанмен» келісімшартқа отырған. Бұл мәселені шешу үшін, бұл суды Іле ауданына, не болмаса Талғар ауданына алу керек болып тұр. Біз жаңа айттық, дүйсенбі күні хат жазамыз, Іле ауданына да, Талғар ауданына да. Осы мәселені қарастырады.

Ал қалған мәселелердің болуы, құрылысты салғандар үшін қалыпты нәрсе екен. Олар үйлердің сапалы салынғанын айтып, жұртың сөзін жоққа шығарды .

Ілияс Байділов, Domus Qazaqstan компаниясының өкілі:

Біз бұл кешенге су және кәріз жүйесін жүргізгенбіз. Енді оның балансын аудандық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығына қосуымыз керек. Ал балалар алаңқайы мен қабырғалардың опырылуы табиғи құбылыс. Кез келген дүние ескіреді. Біз оны жөндеп ,уақтылы орнына келтіру шараларын істеп жатырмыз. Ол жағынан мәселе жоқ.

Дегенмен тұрғындар мұндай құрғақ уәдеге тойған. Мәселе жақын арада шешілмесе, компаниямен жаппай соттасуға бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде