{metadescription}
0:000:00
Қарағанды облысы: Өрт сөндіріліп, бүлінген жердің көлемі анықталып жатыр

Қарағанды облысы: Өрт сөндіріліп, бүлінген жердің көлемі анықталып жатыр

Қарағанды облысындағы алапат өрт сөндірілді. Енді тілсіз жау жалмаған жердің нақты көлемі анықталып жатыр. Сондай-ақ Қостанай облысында да кеше дала өртеніп, дер кезінде ауыздықталды.

Қостанай облысында тілсіз жау Арқа ауылының маңында тұтанған. Елді мекен жанында мемлекеттік қорға қарасты шағын орманды алқап бар. Апат ошағына 200-ден аса адам мен 20 техника тартылды. Тікұшақтар әуеден су шашқан. Тіпті өрт сөндіру пойызын да жұмылдырған.

Қарағанды облысында төрт күннен бері бой бермеген өрт те өшірілді. Құтқарушылар мен еріктілер жеті елді мекен мен бір шаруа қожалығын өрттен сақтап қалған. Бір құтқарушы қаза тауып, бес адам күйіп қалды. Бұған дейін 35 мың гектар жер өртенді деген ақпарат болды. Нақтысы тағы анықталады.

Ақтөбеде қамыстан от тұтанып, Лесное ауылына қауіп төндірді. Екпінді желмен күш алған жалын сол маңдағы орман алқаптары мен саяжай ұжымдарына жеткен. Бірақ баспаналар сау. Өрт шыққан аумаққа жедел жәрдем шақыртуға да тура келді. Ыс тиген тұрғындардан шағым түскен. Өртті сөндіруге 20 техника мен 80-ге тарта адам тартылған.

Айбат Жаңабергенов, Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Қала аумағына жол бермеу мақсатында Сазды аумағының қалаға өтетін жағынан өртті тоқтаттық. Қалған осы Сазды өзені аумағындағы басқа да Содовод ұжымы дейді, тұрғын үйлер бар. Соларға қауіп төндірмеу мақсатында күш құралдарын жұмылдырып жатырмыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде