Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте туған алты жарым келі сәбиге Тәуекел деп ат қойды
Шымкентте алып сәби дүниеге келді. Ай-күніне жетіп туған шақалақтың салмағы алты жарым келі, бойы 63 сантиметр. Ұлын өзі босанған анасы да баланың алып болып туылғанына таңқалып отыр.
Автор: Бек Әбиев
09.10.2024
Альмира Жандарбекова:
— Екіқабат кезімде баламның ауыр салмақта екенін сезетінмін. Бірақ алты келі болады деп ойламадым. Өзім де таңқалдым, 6 келі 500 грамм деген кезде. Бір күн бұрын УЗИ-ге түскен кезде бес келі 200 деп айтқан.
Шақалаққа әкесі Тәуекел деп ат қойыпты. Осыған дейін төрт қыз бір ұл тәрбиелеп отырған 31 жастағы анасы өзге балаларының да салмағы 4-5 келі аралығында болғанын айтады. Әзірге перзентханада жатқан Тәуекелдің тәбеті жақсы, ұйқысы тыныш. Денсаулығын тексерген дәрігерлер бала сап-сау дейді. Мамандардың айтуынша, алты келіден асып туылатын шақалақтар сирек кездеседі.
Бақытжан Позилов, №2 Шымкент ауруханасының бас дәрігері:
— Күйеуі жанында отырды. Ана жерде бүкіл дәрігерлер сасқалақтап болды. Өйткені бала үлкен боп туылды. Біз ойлағанбыз, 7-8 келі ме деп, алты жарым екен. Баланың жағдайы жақсы, дәрігерлер қарап жатыр. Анасының көңіл күйі жақсы. Үйінде бес бауыры күтіп отыр, төрт қыз бір інісі бар екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram