{metadescription}
0:000:00
Алматы ігесінде оқушы автобустан құлап мерт болды

Алматы ігесінде оқушы автобустан құлап мерт болды

Алматы облысында жеті жастағы оқушы микроавтобус астына жаншылып мерт болды. Қайғылы оқиға қала іргесіндегі «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде болды. Ауладағы абыр-сабыр кезінде жеткіншек автобустың артына құлап кеткен. Ал жүргізуші оны байқамай қалса керек.

Әсемгүл Қали

Біз баламызды үйден шығарып жібердік. Одан кейін 13:20-да ол қайтадан үйге келді. Бүкіл денесі дірілдеп жылап тұр. Сол оқиғаның куәгері болған. Оның айтуынша, автобусқа кірген баланы бір бала байқаусыздан итеріп жіберген. Итеріп жібергенде бала құлаған. Құлаған кезде жүргізуші байқамаған. Автобус артқа берген. Сөйтіп бала автобустың астында қалған.

Бала таситын микроавтобус бірінші ауысымдағы оқушыларды мектептен әкелген беті екен. Артынша, түстен кейін оқитындарды мінгізіп, артқа қарай жүре бергенде қайғылы жағдай болып отыр. Қас-қағым сәтте дөңгелектің астына баланың қалай түскенін ешкім аңғармай қалған. Куәгерлердің айтуынша, оқушының жанында анасы болыпты.

Оқиға орын алған аулада оқушылардың қауіпсіздігіне ешқандай жағдай жасалмаған. Мұны тұрғындар талайдан бері айтып жүр. Жаяу жүргіншілер өткелі мен аялдама мүлде жоқ. Үйлер мен  дүкендердің арасындағы қуыстай жерге бала таситын микроавтобус та әрең сияды. Қазір автобус жүргізушісі қамауға алынды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап кетті.

Меруерт Морякова, Алматы облысы ДП ресми өкілі:

JAC автобусының жүргізушісі Іргелі ауылы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрақ аумағында артқа жүрген кезде жеті жасар баланы қағып кеткен, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.