{metadescription}
0:000:00
Алматы облысы: Жер үйде газ жарылып, екі адам жарақат алды

Алматы облысы: Жер үйде газ жарылып, екі адам жарақат алды

Алматы облысындағы жер үйлердің бірінде газ жарылып, екі адам жарақат алды. Олар — баспананы жалға алып тұрып жатқан анасы мен баласы. Зардап шеккен әйелдің денесінің 25 пайызы күйіп қалған. Ал ұлы жансақтау бөлімінде жатыр. Жойқын жарылыстан Байсерке ауылындағы бұл үй адам тұруға жарамсыз боп қалды. Апатқа кеше ғана үйге қосылған газ жабдығындағы ақау себеп деп отыр төтенше жағдайлар қызметі.

Жарылыс Байсерке ауылындағы үйде болған. Бір бөлмелі үш пәтердің тас-талқаны шықты. Үйдің шатыры қирап, терезелерінен де түк қалмапты.

Жарылыс болған сәтте пәтерлердің бірін жалдап тұрған 44 жастағы әйел мен оның баласы болған. Екеуі түнгі аукысымдағы жұмысынан келіп ұйықтап жатқан екен. Қираған үй табиғи газ құбырына кеше түс ауа қосылған. Алайда, арада бір сағат өте бергенде үйде жарылыс болды.

Жанар Мәмбетова:

Бір сағаттың ішінде балам тұрып, «мама, газдың исі шығып кетті» деді. Сыртқы есікті ашқаным сол еді, газ жарылды. Балам сол газдың жанында тұрған. Газ сырттан келген құбырдан шықты. Содан есімізді жинай алмай, сыртқа бір-ақ ұшырып шығарды. Көршілерден көмек сұрадық.

Үй иесі Зинаш Садықова мұнда газ құбырын тарту үшін үш ай бұрын жарты миллион теңге төлеген. Олтөтенше оқиғаға газды қосқан мамандар кінәлі деп отыр.

Зинаш Садықова, үй иесі:

Анау қыз звандап, «тәте, үйден газдың иісі қатты шығып жатыр, біз шықсақ мына үйден» деп хабарласты.»Ойбай, онда қазір мен келемін» дедім. Ана жерден газды өшірсе деп ойладым. Ана кісілер өздері көрсетіп кетті ғой, өшірсе болады деп. Соны өшірейін деп келсем, жарылып кеткен ғой.

Зардап шеккен әйел мен оның баласы ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 44 жастағы Жанардың беті, мойны, қолы мен сол жақ иығы күйіп қалған. Ал жансақтау бөлімінде жатқан жас жігіт есін жиғанымен, оның жағдайы әлі де ауыр.

Нұрлан Әжібеков, Іле ауданы орталық ауруханасы директорының орынбасары:

Әйел азаматтың жағдайы орташа ауыр. Шоктан шықты. Қазір жарақат бөлімінде. Ер азаматқа жасалған ем-шараларының арқасында шокқа қарсы терапияның арқасында жағдайы тұрақтанды. Бірақ ауыр. Асқыну белгілері әзірге жоқ. Емін жансақтау бөлімінде жалғастырып жатыр.

Төтеншеліктер де жарылысты газ жабдығынан болғанын растап отыр. Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды тағы өтінді.

Айғаным Мұсекенова, Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы:

Шақырту орнына келгеннен кейін пәтерлердің бірінде газ жабдығының ақаулығына байланысты газ ауа қоспасы жарылған. Пәтерлер қирамады. Өрттен1980 жылы туған анасы мен 2001 жылы туған ұлы жедел жәрдеммен ауруханаға жатқызылды. Өрт жойылды, қайтыс болғандар жоқ. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымында қауіпсіздік ережесін сақтауды қатаң ұсынады.

Үйі түгел қирап қалған Зинаш Садықова енді тағайындалған сараптаманың қорытындысын күтеді. Ол жұмысына атүсті қарағандарды жазалау үшін сотқа шағымданамын деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.