Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркияда қолдан жасалған ішімдіктен 11 Өзбекстан азаматы уланып көз жұмды
Түркияда қолдан жасалған спирттік ішімдіктен Өзбекстанның 11 азаматы уланып көз жұмды. Олар алкоголь өнімін Стамбұлдың Ақсарай ауданында сатып алыпты.
Автор: Ақтолқын Жұмабек
16.01.2025
Өзбекстанның осы елдегі консулдығы хабарлағандай, марқұмдардың біреуі — әйел, қалғаны —ер-азаматтар. Жасы 35-40 аралығында. Астыртын цех ашып, күмәнді өнім сатумен айналысқан Түркменстанның екі азаматы ұсталған. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Анадолу агенттігі өткен жылдың қарашасынан бері контрафакті арақ-шараптан улану дерегі жиілеп, бүгінге дейін 34 адам қайтыс болған дейді. Тағы 30 шақтысы ауруханада жатыр. Құрамында метанол табылған ішімдіктен уланғандардың арасында шетелдіктер ғана емес, жергілікті тұрғындар да бар. Түркияның құзырлы органдары бұл оқиғалардан кейін жаппай тексеріс жүргізіп, дәмханалардан 287 тонна заңсыз алкоголь тәркілеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram