{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеліктер тұрақтандыру қорынан жеткізілген арзан картоп шіріп кеткен дейді

Ақтөбеліктер тұрақтандыру қорынан жеткізілген арзан картоп шіріп кеткен дейді

Ақтөбеде картоп арзандады. Бірақ тұрақтандыру қорынан келген көкөніске сұраныс аз. Өйткені келісі 116 теңге тұратын картоп түгел шіріп кеткен дейді тұрғындар. 

Ақтөбе облысының әкімдігіне қарасты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қорынан жеткізілген картоп сапасына қатысты тұрғындардан шағым көбейген. Сөрелерден іріктеп алғанның өзінде, босаған көкөніс тамақ істеуге жарамайды деп отыр. Келісі 116 теңге тұратын тұрақтындару қорының картобына ешкім жолай қоймайды. Амал жоқтан, қымбат болса да, 400 теңгенің көкөнісін сатып алуға мәжбүр. Корпорациядағылар аптасына супермаркеттерге 100 тонна арзан картоп жеткізіп отырмыз деп есеп береді. Қазір қорда 1200 тонна өнім қалыпты. Шенеуніктер дүкен сөрелерінде шіріген картоп болғанын мойындайды. Оны дереу ауыстырамыз деп отыр.

Айбат Ербазиев, Ақтөбе облысы ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

116 теңге, ол тұрақтандыру қорының өнімі. Енді оны қайтарып жатырмыз. Өзіміз де халықтың ішінен шықтық қой. Алдырып тастаймыз, ауыстырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде