«Несие алып беремін». Алматы тұрғындарын алдаған күдіктіге қылмыстық іс қозғалды
10 миллионға жуық қаражатты қалтасына басқан! Алматы тұрғындарына «несие тарихыңызға қарамай, аз пайызбен несие алып беремін» деп уәде берген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алаяқ 20 азаматты сан соқтырған. Әлеуметтік желіде желдей ескен жылтыр жарнамаға алдандық деп аh ұрған олар, енді кінәлілер жазасын алып, ақшамыз қайтарылсын деген талап қойып отыр.
Автор: Ақтоты Жұмабек
13.02.2025
Нұрлан Смайылов:
— Маған кредит алып берем деді, кредиті де жоқ. Телефоны жауап бермейді. Үш жарым миллион алып, банктен құтылайын деп ойлағам. Сөйтіп банк пайызы 40, 50 ғой. Ал бұлар 18 пайыз деді. Пайызы аз болған соң, алып, несиемді жауып тастаймын деп ойлағам.
Қобыланды Айсазинов:
— Банкроттыққа жібереміз, содан кейін жауып береміз деді. Ауыл шаруашылығына 20 миллион несие алдым. Жеті миллиондай бізді алдады. Талап — ақшамызды қайтарсын. Бұл не деген сұмдық!
Наразы жұрттың айтуынша, шетел азаматы қалада жеке кеңсе ашып, қызмет туралы әлеуметтік желіде жарнама таратқан. Қаржыдан қысылғандар тек Алматы қаласынан ғана емес, шалғай аудандардан да келген көрінеді. Несиесін несиемен жабамын дегендер қызмет ақысын да төлеп қойыпты. Дәл осылай алданғандар саны қазір 15 адамға жеткен. Ал олардың банк алдындағы берешегі 3 миллионнан бастап, 25 миллион теңгеге дейін жеткен. Не істерін білмей, сан соғып қалғандар ақыр соңы құзырлы органдарға арыз жазды.
Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:
— Алмалы ауданы полиция басқармасында ҚР ҚК 190-бабы,3-алаяқтық тармағы бойынша, яғни бірнеше рет жасалған алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полицияға 13 адам ресми шағымданды. Олар жәбірленуші болып танылды. Бүгінде күдіктіні ұстауға бағытталған кешенді іс-шара жүргізіліп жатыр. Ол міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары