{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе: Жаңақоныс-4 халқы көлік қатынасынан қиналып жүр

Ақтөбе: Жаңақоныс-4 халқы көлік қатынасынан қиналып жүр

Ақтөбе шетіндегі Жаңақоныс-4 ауылы көлік қатынасынан қиналып отыр. Автобус бұл елді мекенге соқпай, екі шақырым жердегі күре жолдың бойына тоқтайды. Тұрғындар қақаған қыста қардан омбылап жету оңай емес деп ашынып отыр. 

Тынысбек Нұрсейітов:

Автобусқа міне алмаймыз, жолға дейін жаяу жүреміз. Автобус бірде тоқтап, бірде тоқтамайды. Жөнді аялдама да жоқ. Қиын, өте қиын. Үлкен кісілер, аяғы ауыр әйелдер жүре алмайды. Сонау екі шақырым трассаға жаяу барады.

Қала іргесінде жаңадан бой көтерген бұл ауылда қазір 100-ге жуық шаңырақ бар. Орталыққа қатынайтын екі автобус ауылға кірмейді. Тек асфальтталған трассаның бойымен жүріп, қатар тұрған бірнеше ауылдың да тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Облыс әкімдігіне базынасын айта барған жаңақоныстықтар қоғамдық көліктің елді мекенге кіргенін талап етіп отыр. Сонымен қатар арнайы «аялдама болса» деген тілектерін шенеуніктерге жеткізді. Әкімдіктегілер қазір осы ауылда автобус қатынасына байланысты арнайы сызбаның әзір тұрғанын айтты. Енді қоғамдық көлік кестесін реттесе, Жаңақоныстың ішін автобус аралайды деп уәде беріп отыр.

Самалбек Ідіріс, Ақтөбе ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

Схеманы кеше қолына тапсырдық. Енді кестесін дайындап жатыр. Оның бәрі көп уақыт алады. Кестесін береміз. Автопарк мекемесі елді мекенге кіреді. Күнделікті сегіз автобус шығады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде