{metadescription}
0:000:00
Астанада қоқыс шығару тарифі қымбаттайды

Астанада қоқыс шығару тарифі қымбаттайды

Астанада қоқыс шығару тарифі қымбаттайтын болды. Бес жылдан бері  кісі басына 390 теңге төлеп келген елордалықтар енді екі есе артық шығынданбақ. Қалалық мәслихат депутаттары бүгін жаңа баға бекітті. 

Алғашқыда тариф мәселесі көтерілгенде қызмет көрсететін кәсіпорындар ақыны кісі басына 1037 теңгеге  дейін көтеруді сұраған. Депутаттар бұл соманы сәл де болса төмендетті. Енді Астанада көпқабатты үйде тұратын бір адам қоқысқа 637 теңге, ал жер үйдегілер 679 теңге төлейді. 

Тариф 2019 жылдан бері өзгермеген екен. Содан болар, бас шаһардағы контейнерлерден тұрмыс қалдықтары аузы-мұрнынан шығып, кейде апталап тұратын. Ал халық санымен қоса

жанар-жағармай бағасы да өсті. Сәйкесінше, кәсіпорын  жұмысшыларының жалақысын көтеру3 керек. Тарифті көтеруге осы жағдайлар себеп болды дейді кәсіпорын басшылары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде