{metadescription}
0:000:00
Алматыда бүлдіршінді ұрып-соққан жекеменшік балабақша тіркелмеген болып шықты

Алматыда бүлдіршінді ұрып-соққан жекеменшік балабақша тіркелмеген болып шықты

Алматыда төрт жасар бүлдіршінді ұрып-соғып, тұншықтырған атышулы жекеменшік балабақша мүлдем тіркелмеген болып шықты. Бұл туралы бүгін Алматы білім басқармасы мәлімдеді.

Төрт жасар бүлдіршінді орындыққа күштеп отырғызып алып тұншықтырған тәрбиешінің қылығы бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Сұмдық жағдайды баланың анасы видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеді. Кадрларда тәрбиелеуші баланың аузы-мұрнын қолымен жауып, тұншықтырып ұрып-соққаны көрініп тұр. Бұл кезде бөлмеде тағы екі қызметкер болған. Сол сәтте бала бөлмеде отырған екі тәрбиешіден көмек сұраған. Алайда, олар мән бермей отыра берген. Сұмдық жағдай 13 ақпанда тал-түсте болған. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Егер қызметкердің кінәсі дәлелденсе, оған ірі көлемде айыппұл салынуы немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Ал мектепке дейінгі мекеме болған оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

Бостандық ауданы полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.