Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақтың зергер бұйымдарын Иордания патшайымы тағып жүр
Қазақтың зергер бұйымдарын Иордания патшайымы тағып жүр. Өзінің сұлулығы және жоғары талғамымен әлемді тәнті еткен Рәния әл-Абдулланың алқалы жиындағы қазақи нақыштағы образы ел аузынан түспей тұр.
Автор: Әсем Лесбек
18.02.2025
Бұл кадрлар Иордания тәуелсіздігінің 70 жылдығында түсірілген. Корольдің жұбайы ұлттық әшекейді көпшілік алдына тоғыз жыл бұрын алғаш тағып шығыпты. Содан бері Рания әл-Абдулланың образы көптің есінде қалған. Әсіресе қыз-келіншектер қазақтың ою-өрнегін замануи стильмен үйлестіруді сәнге айналдырған. Оны зергерлер де растап отыр. Иордания патшайымы таққан әшекейлердің авторы — зергер Берік Әлібай. Ол монархтың мойнынан өз қолымен жасаған әшекейді көрем деп ойламаған екен.
Берік Әлібай, зергер, қалпына келтіруші:
— Рәния ханымға мен өзім берген жоқпын. Жаңағы фотоны жібергенде, Рәния мойнына тағып тұрған бойтұмар көзіме оттай басылды. Өйткені ол тек қазақтың ғана емес, ол менің жасаған бұйымым дедім. Иә, сұраныс артты. Негіз қазір тұмаршаға, бойтұмарға сұраныс көп. Қанша жасасаңыз да, сонша сатылып кетеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram