{metadescription}
0:000:00
Алматыда қажылыққа ұша алмай қалғандар ақшасын сот арқылы талап етпек

Алматыда қажылыққа ұша алмай қалғандар ақшасын сот арқылы талап етпек

Алматыда 70-ке тарта адам қажылыққа ұша алмай қалды. Олар Умраға аттану үшін Qazaq umma деп аталатын компаниядан жолдама сатып алған. Бірақ кеше рейске санаулы сағат қалғанда Мекке мен Мединадан қонақүй түгілі, ұшаққа билет алынбағанын естіген. Енді туристер, әне-міне жолға шығамыз деген үмітпен компанияның кеңсесін торуылдап жүр. Ал жұртқа жолдама сатқандар қаржы қиындығына тап болғанын мәлімдеді. 

Бұл азаматтар алдағы он күнде қасиетті Мекке мен Мәдинада құлшылық жасаймыз деп жоспарлаған. Басым бөлігі кеше ұшаққа мініп, бүгін қасиетті мекенде жүруге тиіс еді.  Алайда рейске санаулы сағат қалғанда жолдама сатқандар ешқайда ұшпайтынын мәлімдепті. Яғни бұларға қасиетті қонақүйден орын түгілі, ұшаққа да билет алынбаған.

Ләззат Темірова:

18 ақпанда сабаққа келесіздер, 19 ақпанда сағат 14:40-та ұшасыздар деді. Сабағына қатысып, жан-жаққа, туысқандарымыздың үйіне қонып, ертесі күні хабарын айтамыз деген. Ертесінде сағат 9-да ұшпайтын болдыңыздар, рейсболмайды деді. , жоққа шығарды ғой. Qazaq umma серіктестігі біздің сенімімізге кіріп, сонда бізді алдаған ғой.

Туристер алдымен Мәдина қаласына тұрақтап, кейін Меккеге аттануы керек болған. Әрқайсысы компанияға шамамен 650 мың теңгеден төлепті. Осы қаражатқа төрт жұлдызды қонақ үйге жайғасуы керек еді.

Қажылық сапарға асыққан туристер мұнда жүгін ала келген. Яғни жолға шығатын жүктері дайын. Қасиетті мекенге әне-міне ұшамыз деген үмітпен олар компанияның кеңсесін кешеден бері торуылдап жүр. Сөйтсе қаңтар айында да ұша алмай қалғандар бар екен. Олар Умра сапарына төлеген қаражатын әлі күнге дейін қайтара алмай әлек.

Аида Айтқожина:

20 қаңтарда ұшуымыз керек еді.  Соған бес күн қалған кезде, шамамен 14 қаңтарда маған хабарласты. Сізді ақпанға ауыстырайық немесе қайтарым жасайық деді. Мен ауыстыруға келіскен жоқпын, бірден қайтарыңдар деп айттым. Кеңсеге келіп сұрадым, дім, «ертең» деді. Сосын WhatsApp-тан жазатын болдым, «ертең-ертең» деп, сонымен күнде ертең болып жатыр.

Компания директоры банкротқа ұшырағанын айтып отыр. Қазір туристерге 40 миллиондай қарыз екен. «Оларды дәл қазір Мекке мен Мәдинаға жөнелтетін жағдайым жоқ» - дейді. Ал бұл туристердің ақшасы басқа қажылардың сапарына жұмсалыпты. Енді өзге турфирмалармен келісіп, опық жеп қалған клиенттерін қасиетті мекенге қарызға жіберуге тырысып жатқан көрінеді.

Әділбек Тұрғымбаев, Qazaq umma компаниясының директоры:

– Бізде қазір 70-ке жуық адам күтіп отыр. Өйткені біздің жұмыс қаңтардан бері қиындыққа тап болып, ақша кіргізу, кіріс мәселесі туындады. Мен қазір қолымнан келгенше келісуге тырысып жатырмын. Осы 24-іне Алматыдан бар, 22-сіне Шымкенттен бар. Қанша адамды қарызға алып кете аласың деп, мен келісуге тырысып жатырмын. Жоқ, қарызға ала алмаймын десе, ренжіме десе, тек қана біздің ақшамыз қолымызға түсіп, ақшасы қайтқанға дейін күте тұру керек.

Серіктестерімен келісе алмаған жағдайда, үш-төрт аптаның ішінде жұрттың қаражатын қайтаруға тырысамыз дейді. Ол үшін компания директоры жеке мүлкін сатылымға шығарыпты. Ал дер кезінде Умраға ұша алмағандар полицияға шағым түсіріп үлгерген. Олар енді ақшасын сот арқылы талап етпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде