{metadescription}
0:000:00
Кәрім Мәсімовтің аукционға шығарылған үйі сатылмай жатыр

Кәрім Мәсімовтің аукционға шығарылған үйі сатылмай жатыр

Аукционға шығарылған Кәрім Мәсімовтің үйін алуға ешкімнің құлқы жоқ. Олай дейтініміз, сән-салтанаты келіскен зәулім сарай шығарылған бәс саудада ғимаратқа қызығып, ең болмаса саудаласқан да ешкім болмапты.

ЕQazyna веб-платформасында өткен аукционда экс-шенеуніктің үйінің бастапқы бағасы 1 миллиард 800 мың теңге, яғни 3 жарым миллион АҚШ долларынан басталған. Ұйымдастырушылар аукционды ағылшын әдісі бойынша, нақтырақ айтсақ, жоғарылату арқылы өткізбекші болған. Алайда мұндай соманы естіген бай-бағландар шошып кетті ме, әлде интерьері көңілге қонбады ма, әйтеуір сауданың басы‑қасында жүргендер коттеджге ешкім қызықпағанын хабарлап отыр.

Еске салсақ, ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасының үйінде қымбат жиһаздан бастап, интерьердегі барлық дүние қаз-қалпында қалдырылған. Тіпті қолтырауын терісінен ойылып жасалған караоке жүйесін де ешкім түртпеген. Есеп-қисап жүргізген мамандар мұндағы дүние-мүлікті 118 бетке әрең сыйдырып жазыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде