{metadescription}
Жаңаөзенде орталық мешіттен өрт шығып, 12 жасар баланы күйік шалды
Жаңаөзенде орталық мешіттен өрт шықты. Жалын мешіттің жаңадан салынып жатқан кіреберісінен тұтанған.
Автор: Ислам Қабылұлы
07.03.2025
Сағат кешкі алты шамасында басталған өрттен 12 жасар бала күйіп қалды. Жеткіншек ауруханаға жеткізілген. Жаңаөзендік дәрігерлер баланың денесінің 17 пайызын күйік шалған дейді. Беті, құлағы, жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап, беліне дейін от шарпыған. Қазір жағдайы тұрақты. Ал 40 шаршы метр аумақты шарпыған өрт дереу ауыздықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!