{metadescription}
0:000:00
86 мыңнан аса салымшыны алдаған қаржы пирамидасының қос құрылтайшысы ұсталды

86 мыңнан аса салымшыны алдаған қаржы пирамидасының қос құрылтайшысы ұсталды

Елімізде 86 мыңнан аса салымшыны сан соқтырған қаржы пирамидасының қос құрылтайшысы қамауға алынды. Asar Baspana деп жалаулатқан ұйымның басшысы мен серіктестері 4 миллиард теңгеге жуық ақшаны қалтасына басқан.

Asar Baspana пирамидасы еліміздің түкпір-түкпірінен кеңсе ашып, қызметін тұтынушы кооператив деп көлегейлеген. Салымшыларды ақшаны «30 пайыз үстемемен аласың» деп сендіреді. Алматы қаласында құрылыс, медициналық техника мен тұрмыстық тауарлар шығаратын зауыттарымыз бен тігін цехымыз бар деп алдайды. Тексере келгенде ешқандай да өндірісі жоқ, тек басқа біреулерден көтерме бағамен заттар алып, оған Asar Baspana таңбасын жабыстыра салғаны анықталған. Осының барлығына Тұрғанбаев деген азамат жетекшілік етіп, Байтасов деген жақыны көмектесіп келген. Қазір екеуі де қамауда отыр.

Тергеушілер еліміздің аймақтарындағы 49 кеңсесі мен 81 күдіктінің үйін тінтіп шықты. Тұрғанбаевтың бауырының үйіне жасырған миллард теңгеге жуық ақша табылды. Тағы бір миллиардтан аса ақша мен премиум-класc он көлік тәркіленді.

Салымшыларын 1үй мен қымбат машина береміз1 деп ақша салғызған. Сенімді болу үшін 15 мың адамның ішінде тек бір адамға көлік, тағы бір адамға пәтер берген. Қалғаны сан соғып қалыпты.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

 Тергеуде Туғанбаев Н.М. бастаған пирамида ұйымдастырушылары, 86 мыңнан астам азаматтан 12,4 млрд теңге тартқан, ай сайын 30 пайызға дейін табыс уәде еткен. Шын мәнінде, төлемдер жаңа қатысушылардың салымы есебінен жүзеге асырылған. Нәтижесінде Туғанбаев пен оның серіктестері 3,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иеленген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде