Астанада сырғанақ теуіп жүрген бала көлік астында қалды
Астанада он жасар бала сырғанақ тебемін деп көлік астында қалды. Есік алдына ойнауға шыққан жеткіншек қазір ауруханада жатыр.
Автор: Дастан Қуандық
11.03.2025
Оқиға кеше сағат кешкі бес шамасында болған. Үш бала тұрғын үйдің пандусынан тюбингпен сырғанап жүріпті. Сырғанақ үйдің бақылау камерасында да анық көрініп тұр. Он жасар бүлдіршін сырғанап түскен сәтте, қатты жылдамдықпен келе жатқан «Мицубиси» тоқтай алмай қалған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Полиция көлік жүргізушілеріне аулада жылдамдық сақтаумен қатар, ата-аналарға да баласын қараусыз жібермеуді ескертті. Ал көлік астында қалған баланың жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер.
Медет Нұғманов, №2 көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары:
— Балада сыртқы зақым белгілері болды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Толық тексерілді, амбулатория емі тағайындалып, травматолог, нейрохирург қарап, өзінің тұрғылықты жерінде травматологтың бақылауына алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!