«Депозиттегі ақша». Алматыда интернет алаяқтарының екі кеңсесі әшкереленді
Бұғатталған депозиттегі ақшаны шешуге көмектесеміз деп, жұртты тақырға отырғызған алаяқтар ұсталды. Ішкі істер министрлігі интернет алаяқтарының Алматыдағы екі кеңсесін әшкереледі.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
11.03.2025
Киберпол төбесінен түскен бұл орталықты бір қарағанда ойын клубы дерсіз. Компьютерлерге толы дәл осы жерден әккі қулар бөтеннің қыруар қаражатын қолды қылып келген. Дәлірек айтсақ, олар Оңтүстік Азия елдеріндегі банк шоттарында бұғатталған депозиттердегі қаражатты «шешіп алуға көмектесеміз» деген жалған уәде беріп, түбінде көк тиынсыз қалдырып келген. Ал шетел азаматы басшылық еткен Call-орталықтағылар дроп-шоттарға түскен ақшаны басқа карталарға аударып отырған. Видеодан қарасаң, алаяқтықпен айналысқандардың дені жас қыздар мен жігіттер. Бұл жұмысты олар интернет арқылы тауыпты. Дым білмей келген оларды кураторлар арнайы дайындаған. Полиция күдіктілердің бірін елден қашып бара жатқан жерінен әуежайдан ұстады. Қазір киберқылмысқа қатысы бар үш адам қамауда. Тағы 26 күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!