{metadescription}
0:000:00
Әуежай мен вокзалдардағы қауіпсіздік бойынша заңдарға өзгеріс енгізілуі мүмкін

Әуежай мен вокзалдардағы қауіпсіздік бойынша заңдарға өзгеріс енгізілуі мүмкін

Сақтықта қорлық жоқ. Алматы әуежайындағы қызметкерді кепілге алу оқиғасынан кейін стратегиялық нысандардағы қауіпсіздік алгоритмі қайта қаралады. Әуежай мен вокзалдардағы қауіпсіздік бойынша бұрын қабылданған заңдарға өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Санжар Әділов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Ішкі істер министрінің тапсырмасымен әуежайлар мен теміржол вокзалдарын тексеру басталды. Біздің уәкілетті мемлекеттік органдарымызда нақты алгоритм бар. Сондықтан осы тексеру аясында Үкіметке нормативтік-құқықтық актілерге нақты өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы ұсыныс жолданады. Сонымен қатар болашақта ұқсас жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылданады.

2009 жылға дейін әуежайдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету көлік полициясының міндетіне кірген. Бірақ кейін авиация қауіпсіздігі қызметіне жүктеліпті. Сондықтан қазір өткен жұмадағы оқиға бойынша Алматы әуежайы қызметкерлеріне қатысты тексеру басталған. Оның қорытындысына сәйкес, әр қызметкердің әрекетіне құқықтық баға беріледі дейді вице-министр. Яғни авиация қауіпсіздігі қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін. Ал полицейлерге шара қолданылмайды. Себебі, сол күні жан-жақта болған адамның көптігін ескеріп, полиция алгоритм бойынша жұмыс істеген дейді Санжар Әділов.

Еске салайық, мереке қарсаңында Алматы әуежайында пышақ кезенген қаскөй қызметкер қыздың бірін кепілге алып жұртты шошытқан. Жолаушылардың арасынан 52 жастағы Мұса Әбдірайым есімді азамат шығып, қыздың орнына өзін кепілге ұсынған. Кейін ол қаскөйдің қолындағы суық қаруын тартып алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде