Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында зорлау дерегімен ұсталған күдікті сот ғимаратынан қашып кетті
Сот залынан із суытты. Алматы облысында кісі зорлау дерегі бойынша күдікті іздестіріліп жатыр. Ол бүгін таңертең Қарасай аудандық сотының ғимаратынан қашып кеткен.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
01.04.2025
Оқиға таңғы он жарым шамасында болыпты. Сот қызметкерлерінің мәліметінше, қашқын ҚР ҚК 120-бабының 2-бөлігі — зорлау дерегі бойынша күдікті. 30 жастағы жігіт сотқа дейінгі қамауда отырған. Ал бүгін алдын ала сот отырысына қатысуы керек болған. Қазір оның қашып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл жағдайға жол бергендерге қатысты қызметтік тексеріс те басталды. Полицейлер қашқынды жан-жақтан іздестіріп жатыр. Оны көргендер болса, дереу 102-ге хабар беруін сұрайды.
Айта кетейік, бұл Алматы облысында қылмыскердің изолятордан қашып отырған бірінші жағдайы емес. Ал Қаскелеңдегі бүгінгі оқиғадан соң тұрғындардың мазасы қашты.
— Қорқамыз. Балалар үшін, болашақ үшін қорқамын. Ол деген жамандық жасаған адам, қоймайды ғой, қаны бұзылған адам. Ол тағы да сондай нәрсе жасауы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram