ІІМ: Мопедін тіркемегендерге қосымша уақыт берілмейді
Елімізде мопед тіркеу мерзімі аяқталуға жақын. Ішкі істер министрлігі үш күннен кейін тіркеуден өтпегені айып тұрағына жөнелтіледі деп ескертті.
Автор: Айжан Шамшидин
02.04.2025
Жұрттың жұмысбастылығын ескерген министрлік Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын ұзартуды сұраған. Себебі, 5-сәуірден бастап мопедін тіркемеген азамат жолға шыға алмайды. 5-сәуірден бастап тексеріс те біршама күшейеді деген. Сондықтан мұндай көлік түріне әуес жандарда тіркеуден бөлек, А1 санатындағы жүргізуші куәлігі де болуы қажет. Ал А, В және С санатындағы куәлігі бар азаматтар еш қам жемей мопед айдай беруіне рұқсат. Жалпы жауапты министрлік қолын мезгілінен кеш сермегендерге қосымша уақыт берілмейтінін айтты. Еске сала кететін бір жайт, Мемлекет басшысы қол қойған тиісті заңға сәйкес, мопедтер ресми түрде енді көлік құралы болып саналады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!