Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тауыс құсын тауып алып, оны қалай асырау керек екенін білмей отыр
Алматы тұрғыны көшеден тауыс құсын тауып алып, енді оны қалай асырау керек екенін білмей басы қатып отыр. Ал зообақ әкімшілігі құжаты жоқ қанаттыны қабылдаудан бас тартыпты.
Автор: Әсем Лесбек
08.04.2025
Нұрбол Бақытжан, Алатау ауданының тұрғыны:
— Зообақ бізде павлин жетеді, оның анализі бар, тағы басқасы бар, ақшасы көп болады деп рұқсат бермеді. Кімнің құсы, сол келіп алып кетсін. Бастапқыда қандай құс екенін түсінбедім. Үйге әкеліп, суын, азығын бердім.
Тауыс көшедегі қаңғыған иттерге жем бола ма деп қорқамыз, дейді отбасы. Негізінен Африка мен Оңтүстік Азия елдерін мекен ететін құстың бұл түрі аса бір күтімді қажет етпейді екен. Дегенмен зообақтағылар оны асырап алуға дайын емес екенін хабарлады. Өйткені аң, құс қабылдау өп қаражат пен уақытты қажет етеді. Хайуанаттар бағы оны «вакцинасыз қабылдай алмаймыз» деп отыр әрі тауыс құсы экзотикалық құстарға жатпайтындықтан, оны кез келген шаруашылықта асырай беруге болады деп кеңес берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram