{metadescription}
0:000:00
Мұнайдың үстінде отырған ауылдағы үйлердің қабырғасы қақырап жатыр

Мұнайдың үстінде отырған ауылдағы үйлердің қабырғасы қақырап жатыр

Ақтөбе облысында мұнайдың үстінде отырған ауылдағы көпқабатты үйлердің қабырғасы қақырап жатыр. Апатты баспананың тұрғындары үйіміз құлап, үйінді астында қаламыз да деп қорқып отыр. 

Кеңқияқ кентіндегі қос қабатты үйлер 50 жыл бұрын мұнайшыларға арналып салынған. Тозығы жеткен баспаналардың төбесі тесіліп, шатырынан су сорғалап тұр. Соның салдарынан тас қабырғасы сөгітіліп, кірпіші үгітіліп жатыр. Оны жөндеуге бюджеттен қаржы қарастырылмайды екен. Заңға сәйкес, үйді күтіп ұстауына тұрғындар жауапты көрінеді. Бірақ ауылдағы осындай 38 үйдің алтауының төбесі мен сыртқы қаптамасын демеушінің көмегімен жаңалаған. Қалған үйлердің жөндеуіне де мұнай компанияларынан көмек сұрап отырмыз дейді әкімдіктегілер.

Қуанышбек Серікжанов, Кеңқияқ ауыл округінің әкімі:

Кеңқияқта қазір 38 көпқабатты үй бар. Тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес, бұл үйлерде тұрып жатқан әр тұрғын өз үйін қалыпты жағдайда ұстауға, жөндеуге міндетті. Дегенмен аймақтағы ең үлкен инверстормен арнайы келісімге келдік, осы үйлерді жөндейтін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде